Құқық қорғаушылар сотталған әйелдердің балаларына гуманитарлық көмек көрсетті

«Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Мусин Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесі жанындағы «Балалар үйіне» келді.

Сапар барысында құқық қорғаушы ҚАЖД бастығының м. а. Бақытжан Шәріпбековпен бірге мекемедегі балалар қалашығын аралап шықты. Сонымен қатар, сотталған әйелдермен жеке мәселелер бойынша сұхбат өткізді.

Қоғамдық бірлестік балаларға арнап кәсіби аниматорлардың қойылымын ұйымдастырды. Сондай-ақ, балаларға киім, аяқ киім және ойыншықтар табыстап, гуманитарлық көмек көрсетті.

Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...