ҚҚС көтерілуіне байланысты жалақы мен жәрдемақы өсе ме?

Премьер-министрдің орынбасары Тамар Дүйсеноваға қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайызға дейін артса, жалақы мен әлеуметтік жәрдемақылар өсе ме деген сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, ҚҚС-ті көтеру мәселесі бойынша әлі түпкілікті шешім жоқ, өйткені бизнес өкілдерімен және өңірлік құрылымдармен әлі де талқылаулар жүріп жатыр.

«Бүгін Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин бұл ұсыныс әзірге талқыланып жатқанын хабарлады. Біз барлық өңірдің, бизнес өкілдерінің және басқа да құрылымдардың пікірлерін жинаймыз, содан кейін шешім қабылданған кезде ғана айтылады», — деді вице-премьер.

Дүйсенова жұмыс тобының соңғы ұсынысын және олардың есебін күтуді ұсынды.

«Содан кейін оның жалпы әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік салаға қалай әсер ететінін айта алуым мүмкін», — деп қорытындылады ол.

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.

«Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет», — деді Президент.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.