ҚҚС көтерілуі тұрғын үй бағасына қалай әсер етеді?

Қосымша құн салығының көтерілуі тұрғын үй нарығына қалай әсер ететіні көпшілікті алаңдатып отыр. Бүгін Сенат дәлізінде аталған сұраққа Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сіз бұл сұрақты қойған алғашқы адам емессіз… Әрбір досым менен осыны сұрайды. Шынымды айтсам, тұрғын үй бағасының қалай өзгеретінін нақты білмеймін. Соңғы 15 жылдағы тарихи деректерге қарасақ, жылжымайтын мүлік – бұл долларлық емес, теңгелік тауар. Яғни, тұрғын үйдің бағасы теңгемен белгіленеді және көбіне ұлттық валютаға тәуелді. Бұны статистикалық мәліметтер де растайды. Кез келген адам өз бетінше осындай зерттеу жүргізе алады. Тіпті, егер доллар бағамы өзгерсе және кейбір сатушылар бағаны доллармен сәйкестендіріп түзетсе, уақыт өте келе ол бәрібір теңгемен белгіленген негізгі деңгейіне қайта оралады. Себебі жылжымайтын мүлік – бұл теңгелік актив, ол теңгемен табыс әкеледі»,– деп түсіндірді вице-министр.

Қасеновтің сөзінше, жаңа салынған тұрғын үй бағасына келсек,  заңның соңғы редакциясына сәйкес ҚҚС-тың алғашқы нарыққа қолданылмайды.

«ҚҚС алғашқы нарыққа, яғни жаңа салынған тұрғын үйлердің сатылымына қолданылмайды. Мүмкін, басқа бір тетік немесе салық түрі енгізілетін шығар. ҚҚС салынатын барлық тауарлар, салық ставкасының өсуіне байланысты қымбаттайды. Қазір талқыланып жатқандай, жаңа мөлшерлеме 16 пайызға дейін жетуі мүмкін. Біз инфляцияға қысқа мерзімді, бірақ бір реттік әсері шамамен 3–3,5 пайыз деңгейінде болады деп күтіп отырмыз. Бұл ҚҚС-қа жататын барлық тауарларға әсер етеді», – деп түсіндірді шенеунік.

«Коммуналдық қызметтердің бағасы ше? Олар да қазірден бастап қымбаттап жатыр. ҚҚС-тың көтерілуі оларға әсер ете ме?» – деп сұрады журналистер.

«ҚҚС-ы бар барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы бірден өседі. Олардың құны салық мөлшерлемесіндегі айырмашылыққа сәйкес автоматты түрде жоғарылайды. Бірақ бұл әсер қысқа мерзімді болады», – деп жауап берді Арман Қасенов.

Елдегі бюджет тапшылығына байланысты, қазіргі уақытта Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл өзгеріс 2025 жылдан бастап енгізілуі мүмкін. Алайда, нақты шешім әлі қабылданған жоқ. 

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.