spot_img
spot_img

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда

Ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен сәуір айының басында іске қосылған «Таза Қазақстан» бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда. Бұл бастаманың мақсаты – халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру және облыстың әртүрлі аймақтарындағы қоршаған ортаны жақсарту.

Бағдарлама аясында өңірде қазірдің өзінде аумақтарды тазарту және абаттандыру, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша ауқымды іс-шаралар, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Іс-шараларға бизнес-қауымдастық, жастар, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.

Лисаков қаласында, қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған дәстүрлі карнавал шеруіне 28 ұйым қатысты. Сондай-ақ, аталған шарада ЖРО мамандары мен волонтерлері жасыл түсті киім киіп, транспорант, логотипі бар жалаушалар ұстап,  «Таза Қазақстан» ұранымен жүріп өтті. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қала күні «Үздік аула» қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. Үйлер мен жергілікті аумақты абаттандыру, күтіп ұстауға белсенді атсалысатын тұрғындарға сертификат табысталды. Мұндай сертификат үздікт деп танылған ауланы одан әрі абаттандыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру құқығын береді. Биыл Лисаковск қаласындағы ең үздік үш аула осындай ынталандыруға ие болды.

 Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру эстафетасын Әулиекөл өңірінің тұрғындары да қолдады. Бүгін сағат 8.00-ден бастап аудан орталығындағы саябақ алаңында спорт мектебінің жаттықтырушылары, аудан спортшылары және жастар жиналып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында спорт алаңдары мен саябақтарды тазартты.

«Бүгінде ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аудан жастары мен спортшылары саябақ аумақтарын тазалау жатыр. Бұл бір күндік іс-шара емес. Елбасының мәлімдемесінен кейін жігіттермен бірге ауданымызды абаттандыру мен көгалдандыруға белсене атсалысып жатырмыз. Барша қазақстандықтарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына үлес қосуға шақырамыз. Елімізді бірге таза етейік!» – деп атап өтті Әулиекөл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Е.Көшкімбаев.

 Жітіқара ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын қолдап, жай ғана сенбілік емес, түрлі шығармашылық шараларды да өткізуде. «Лидер» ӨҚБ «Жітіқара ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп «Жітіқара – біздің ортақ үйіміз» атты плоггинг форматында жүгіру марафонын өткізді. Шортанды өзенінің жағасы мен қала көшелерінде өткен жарысқа балалар белсене қатысты. Бұл шараның мақсаты – қоқыс шығара отырып, ұжымдық қашықтық жарысын ұйымдастыру.

«Мұндай шараға бірінші рет қатысуым, табиғатты сақтауға өз үлесімді қосқым келеді. Менің ойымша, бәрі сәтті өтті. Осы плогингке қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл идеяны жүзеге асырған ұйымдастырушыға мың алғыс! Алдағы уақытта да міндетті түрде қатысамын», — деп «Лидер» ӨҚБ волонтеры А.Жаманқұлова өз эмоцияларымен бөлісті.

 «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Федоров ауданында «Тазалық үшін велошеру» атты веложарыс ұйымдастырылды. Іс-шара ауыл көшелерінде өтті. Велосипедшілер қоқыс жинап, қоршаған ортаға және қалдықтарды басқаруға пайдалы кеңестер жазылған брошюраларды таратып, тазалықтың маңыздылығын түсіндірді. Велошеру аяқталған соң, қатысушылар ашық аспан астындағы пикникке жиналды. 

«Ауданымызды көркейтуге үлес қосып, тұрғындарды қуанта алғанымызға қуаныштымыз. Бұлайша күш біріктіріп, ортақ мақсатқа жету – таза әрі әдемі ауыл құру үшін маңызды», — деп өз әсерімен бөлісті велошеруге қатысушылардың бірі, Қостанай футбол лигасының чемпионы С.Хұсайынов.

 Қостанай ауданы Майкөл ауылында «Таза қайың тоғайы» экологиялық акциясы өткізілді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экоакцияны Майкөл ауылдық округі әкімі аппараты ұйымдастырып, жергілікті тұрғындар, бизнес өкілдері, жастар белсене қатысты. Тоғай – ауыл тұрғындарының демалып, серуендейтін, таза ауамен тыныстап, саңырауқұлақ пен жидек теретін сүйікті орындарының бірі. Экологиялық шараға қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар, жалпы 50-ге жуық адам қатысып, 80 қаптан астам қоқыс жиналып, құрғақ шөп шапты.

Майкөл ауылының тумасы Л.Маскевич: «Тоғай – саябақ аймағы, ауылдағы қайың ағаштарының көлеңкесінде, ашық ауада көңілді демалуға арналған бірегей орын. Сондықтан біз әрдайым осы жерлерді тазартып, қоқыс пен қураған ағаштарды шығару шығарып тастаймыз. Мұндай тазалық жұмыстарын жиі жүргізуге тырысамыз», — деп өз пікірін білдірді.

Айта кетсек, биыл елді мекендерді абаттандыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жоспарланған 130 мыңнан астам көшеттің 52,8 мыңнан астамы отырғызылды.   90% көше жарықтандырылып, 108 ауылға жалпы ұзындығы 129 шақырым қоршау орнатылады.

Ағымдағы кезеңде (ағымдағы жылдың 10 сәуірі мен 13 тамызы аралығында) мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері тартылды. Барлығы 517,1 мың адам қатысып, 354 техника жұмылдырылды, 325 саябақ абаттандырылып, 188,1 мың тонна қоқыс шығарылды, 52,8 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...