Қош келдің, қасиетті Рамазан!

Барша мұсылман қауымы асыға күтетін Ұлық мереке “Рамазан айы” да басталды. Халқымыз қандай қиын шақтарда да иманынан, Жаратушыға деген құлшылығынан, отыз күн оразасынан жаңылмаған. Күллі мұсылманды сағындырып жеткен Рамазан айы несімен ерекше? Неге мұсылман қауым осы бір айды асыға күтеді? Осы сұрақтарды тереңінен түсіндіру мақсатында Атырау облысы бойынша ҚАЖД #79 мекемесінде Атырау қаласы “Иманғали” орталық мешітінің наиб имамы, әрі “Ақниет” ҚҚ теологі Н.Боханов және “Шапағат” ҚҚ теологі С.Сариевтің қатысуымен жалпы кездесу өткізілді.

“Рамазан айы” — жер бетіндегі Алланы бір деп мойындаған, иманның шарттарына шүбәсіз сенген адамзат баласының сағынып күтетін, бізге екі дүниенің бақытының кілтін ашатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған сондай бір мүбәрак айымыз.

Негізі ораза ұстаудың рухани һәм денсаулыққа пайдалары өте көп. Рухани пайдаларының бірі адам баласын сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Өйткені пенде күнін Алла Тағалаға иман еткен күйде аштықпен, шөліркеумен өткізеді. Пенде адамның ашуын тудыратын қандайда бір келеңсіз жәйттарға тап болса, «Мен оразамын» деп сабырға келеді. Жалпы мұсылман қоғамында осы Рамазан айында қылмыс азаятыны белгілі. Өйткені Алланың мұсылман пенделері өзін және өзгелерді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Нәпсісін тізгіндейді, мейірімді, кешірімді болатынын дін өкілі атап өтті. Түзеу мекемесінде ораза ұстауға ниет білдірген сотталғандар саны 80-ге жуық.

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

Пробация қызметінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пробация...