Қонаевта сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің бастамасымен Қонаев қаласының пробация қызметі прокуратурамен және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп есепте тұрған сотталғандар арасында спорттық бұқаралық іс-шара өткізді.

Шағын футбол турниріне 40-қа жуық сотталушы қатысты. Ойын 2 сағатқа созылып, нәтижесінде 1 орынды «Сұңқар» командасы, 2 орынды «Бүркіт» командасы және 3 орынды «Қонаев»командасы иеленді.

Прокуратура өкілдері жеңімпаздар мен үздік ойыншыларды грамоталармен марапаттады.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың қоғамда қайта әлеуметтенуіне оң әсер етеді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...