Қоғамдық жұмыстардан жалтарған адам қамауға алынды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Талғар аудандық пробация бөлімінің есебінде тұрған қоғамдық жұмыстарды орындауға сотталған адам қамауға алынды.

Аудандық сот үкімі бойынша ұсақ-түйек жымқыру бабы бойынша ер адам 120 сағатқа сотталды. Алайда, соталған сотпен белгіленген міндеттерді орындамай, қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарды.

Пробация бөлімі сотпен жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін жазаны қамаққа алуға ауыстыруға сотқа ұсыным жіберді.

Сот отырысына қайта қылмыстың және жаза өтеу тәртібін бұзудың алдын-алуы мақсатында пробация есебіндегі сотталғандар да қатыстырылды.

«Талғар аудандық сотының қаулысымен қоғамдық жұмысты орындаудан жалтарған адам сот отырысында қамауға алынды. Бұл өткізілген ашық сот отырысы пробация есебіндегі сотталғандарға үлгі болары сөзсіз»,- деп атап өтті, пробацияға басшылық ету бөлімінің бастығы Айдар Қосжанов.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...