Қоғамдық жұмыстар

Сарыарқа аудандық пробация қызметі жазасын өтеушілердің тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарға тартылуын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл жұмыстар арнайы біліктілікті қажет етпейді, қоғамдық орындарда ұйымдастырылады және сотталғандардың жазасын өтеумен қатар, өз өңірінің дамуына нақты үлес қосуына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда, Сарыарқа аудандық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеп жүрген 800-ден астам тұлғалар жазасын өтеуде. Қазіргі таңда, олардың 60-тан астамы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Мұндай шаралар сотталғандардың оңалуына және өңірдің қоғамдық өміріне қатысуына ықпал етеді.
Қоғамдық жұмыстарға тарту процесі, пробация қызметіне сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін , он күннен кешіктірілмей басталады. Жазаның мерзімі сотталған адамның қоғам игілігі үшін нақты жұмыс істеген сағаттарымен есептеледі.
Солардың бірі сотталған Л өзіне жүктелген міндеттерді яғни, белгіленген 100 сағаттық қоғамдық жұмыстарды орындап, уақытылы есептен шығарылды. Оның еңбегі қалалық аумақтарды абаттандыру үшін маңызды, ал өзі осы жұмыстар арқылы қоғамның сенімін қайтаруға мүмкіндік бергенін мойындайды.
Қоғамдық жұмыстар сотталғандарға өмірін қайта қарауға мүмкіндік береді. Олар пайдалы бола алатын және болашағын өзгерте алатындықтарын түсінеді. Сарыарқа аудандық пробация қызметкерлері барлық тапсырмалардың заң аясында және уақытылы орындалуын қатаң қадағалайтындықтарын атап өтті.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...