12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ: Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыруда көшбасшы оқу орындарының бірі. Университеттің білім беру және ғылыми зерттеулерді ұштастырудағы стратегиялық бағыттары елдің инновациялық дамуына, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.Білім ордасы 2021 жылы ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алды. Бұл мәртебе университетке білім беру үдерісін ғылыммен тығыз байланыстыруға мүмкіндік берді. Студенттер, магистранттар мен докторанттар оқу барысында ғылыми жобаларға қатыса отырып, өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырады.ҚазҰУ білім беру бағдарламаларын әзірлеуде әлемдік стандарттарға сәйкес ғылыми жаңалықтар мен технологияларды қолданады. Әсіресе, жаратылыстану ғылымдары, IT-технологиялар, инженерия және әлеуметтік ғылымдар салаларында қолданбалы зерттеулерді оқу процесіне енгізу ерекше маңызға ие.Университетте студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер мен жас ғалымдар ғылыми жобаларға, гранттық байқауларға және стартаптарға белсенді қатысады.Студенттік ғылыми қоғам мен Бизнес инкубаторлар жастардың инновациялық идеяларын қолдауға бағытталған.ҚазҰУ әлемнің 400-ден астам университетімен әріптестік орнатқан. Халықаралық зерттеулерге қатысу арқылы студенттер мен оқытушылар жаһандық ғылыми қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік алады. Университет Халықаралық QS World University Rankings рейтингінде ғылыми қызмет бойынша жоғары нәтижелер көрсетуде.Университет ғалымдары мен студенттерінің зерттеулері нақты экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Ғылымды коммерцияландыру орталығы арқылы оқу орнында инновациялық жобалар мен стартаптар іске қосылып, олардың нәтижелері өндіріске енгізілуде.

    ҚазҰУ ғалымдары жыл сайын жүздеген ғылыми патенттерге ие болып, еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына үлес қосуда. Зерттеулердің нәтижелері энергетика, медицина, экология және басқа да салаларда қолданылуда.Университет Еуропалық Одақтың Horizon, Erasmus+ сияқты бағдарламаларына белсенді қатысуда.Білім ордасының оқытушылары халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланып, әлемдік академиялық қауымдастықта мойындалған. Бұл университеттің ғылыми әлеуетін арттыра түседі.Қара шаңырақта заманауи зертханалар, ғылыми орталықтар және технопарк жұмыс істейді. Бұл инфрақұрылым студенттер мен ғалымдарға зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.Оқу ордасы Қазақстанның инновациялық дамуына негіз болатын мамандарды даярлап қана қоймай, ғылым мен өндірісті ұштастыратын идеяларды ұсынады. Университеттің зерттеулері Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларына оң әсер етуде.

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары білім мен ғылымның интеграциясы арқылы елдің зияткерлік және инновациялық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Білім мен ғылымды ұштастыру, студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту және халықаралық ынтымақтастық оқу ордамызды тек елде  ғана емес, халықаралық деңгейде де беделді білім және ғылым орталығына айналдырды.

Қонысбай Б.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының PhD докторы

Куандыкова Э.С

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы

Альменбетова Т.А

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  оқытушысы

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского...

Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты

Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды...

В Алматинской области продолжается работа по привлечению медицинских кадров в рамках модернизации сельского здравоохранения

В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» Управление здравоохранения...

Борышкердің мүлкін өткізу тәртібі

Борышкердің мүлкiн өткізу тәртібі ҚР Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы...