12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ — студенттері бірден шетелден де білім ала алады

         Үлкен білім ордасы қасиетті қара шаңыраққа келетін студенттер денгейі жыл сайын жоғары көрсеткіш көрсетуде. Олай дейтінім жастар білімге деген талабы зор екенін өздерін алдын ала дайындап білімдерін жетілдіріп келіп жатқанының айқын көрсеткіші. Бұл орайда қазақ елінің білім беру денгейі де біршама жанданып дамығанының айқын көрінісі деп білем. Олай деуге тілге тиек болған негізгі себеп әр қыркүйекте студент аталып оралатын түлектердің ағылшын тіл денгейі жыл сайын жақсарып келе жатқанын өз басым пән оқытушысы ретінде растай аламын. 

         Кафедрамыз «шетел филологиясы аударма ісі» — әр жылда филология мамандықтарынан басқа да (not specialized) мамандандырылмаған мамандықтарға яғни қазақ тілі мен әдебиеті, халықаралық журналистика, орыс фиологиясы заман талабына сай ағылшын пәні оқытылады.  2018-2019, 2020-2022 жылдар арасындағы осы мамандық студенттеріне Шетел тілі пәні алғашқы денгейлерде (elementary) оқытылса қәзірге таңда орташа жоғары  (pre-intermediate)денгейде оқытылатын болды. Сонда ойлай беріңіз мамандандырылған (specialized)мамандықтар қатарына жататын шетел филологиясы, аударма ісі мамандықтарының студенттері ағылшын тіл денгейі халықаралық тіл денгейін көрсетуші сертификаттар шкаласымен жоғары intermediate — upper intermediate денгейлеріне көрсетуде. Бұл өте жақсы көрсеткіш, себебі жоғары денгейде келген студенттер бірден шетелге шығу тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ие бола алуда. Атап айтар болсақ тіптен пандемия кезінде де бұл  ҚазҰУдың академиялық ұтқырлық саласында белсенді қызметін тоқтатқан емес, одан әрі жалғастырып жатыр. Филология факультеті «шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасынан Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы, Испания ең танымал жоғары оқу орындарының бірі — Кадис университетінде, Италия, Венеция қаласы, Нидерланды Утрехт Университеті, Тилбург қаласы, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, Нитра қаласындағы Константин философ атындағы Университет, Словакия, Малайзиядағы Ноттингем Университеттерінде Академиялық ұтқырлық, Erasmus+, Ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан студенттер саны өте көп, мына жерге тізімдемесі сыймайтындықтан университетіміздің ресми ақпараттар сайтынан https://welcome.kaznu.kz/ көруге болады. 

Сонымен қатар  Әл-Фараби университетіміз Committee for Multilingual Teaching, Research, and Learning, Washington DC, the USA, Мэриленд Университеті, АҚШ халықаралық ынтымақтастығымыз одан сайын жаксару үстінде. Бұл дегеніміз Америкалық студенттер де университетімізде тәжірибе алмасып оқып жатыр. Одан бөлек қатар көршілек елдерден қытай, моңғолия, туркменстан, ауганстан, индиядан келетін шетелдік студенттер саны да жыл сайын арта түсуде. 

Мақала авторы:           

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 

аға оқытушысы Төнкер А                  

МҰҒАЛІМ БІЛІМІН ҮЗДІКСІЗ ЖЕТІЛДІРУ МАҢЫЗДЫ

Оқу мәдениеті білімге ұмтылу— бұл қоғамдағы білімнің сапасын арттыруға...

Сделано в Казахстане — сделано с гордостью: на Almaty TV вышла программа про уникальный завод

Будущее промышленности — развитие инвестиций, создание рабочих мест и...

Дан старт мероприятиям, посвященным 100-летию Нургисы Тлендиева

Сегодня, 1 апреля 2025 года, в Государственной академической концертной...

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдықмерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында...

Заң факультеті түлектерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті — еліміздің...