12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-сапалы білім беру арқылы болашаққа жетелейтін университет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  – еліміздің ең ірі және ең беделді оқу орындарының бірі.Жоғары оқу орындар арасында әлемдік стандарттарға сай жоғары білім беру мен ғылыми зерттеу қызметін ұштастыра отырып, Қазақстанның әрі халықаралық аренада көшбасшы университеттерінің бірі болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – студенттерге сапалы білім беру, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу арқылы болашақта елдің әрі әлемнің жетістіктеріне ықпал ету. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі -сапалы  білім.Оқу ордамыз білім беру бағдарламалары мен оқу жүйесін үздіксіз жетілдіріп отырады. Университеттің басты миссиясы – студенттерге сапалы білім беру, оларды қазіргі заманның күрделі мәселелерін шешуге дайын және жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Бұл үшін оқу жоспарларын үнемі жаңартып, заманауи ғылыми зерттеулермен байланыстыра отырып, студенттердің алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Сапалы білім беру ұстанымы ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламаларына, оқытушылардың кәсіби деңгейіне, білім алушыларға арналған қосымша қызметтерге негізделеді. Университет әлемдік деңгейде білім беру мен зерттеулерді дамыту үшін түрлі халықаралық университеттермен және ғылыми орталықтармен серіктестік орнатқан. Бұл студенттерге өз білімін әлемдік деңгейде сынауға және халықаралық тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.Сапалы білім берудің негізі ретінде инновациялық технологияларды енгізуді басты назарда ұстайды. Университет онлайн және оффлайн курстарын, сандық оқулықтарды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдана отырып, білім беру үрдісін тиімді әрі қолжетімді етеді. Сонымен қатар, университетте білім беру тек теориямен шектелмей, практикалық дағдыларға да баса назар аударылады. Студенттерге оқу кезінде түрлі жобалар мен зерттеулерді жүргізу мүмкіндіктері беріледі.

   Қара шаңырақ халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп, әлемнің әр түкпірінен келген студенттер мен оқытушыларды қабылдайды. Университет көптеген жетекші шетелдік оқу орындарымен келісімшарттар жасап, студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуына, ғылыми-зерттеу жобалары бойынша ынтымақтастық орнатуға жағдай жасайды. Білім ордасының студенттері халықаралық білім беру бағдарламаларына қатыса алады, бұл олардың кәсіби дамуына және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі.

Халықаралық серіктестік ҚазҰУ-ға әлемдік білім беру жүйесіндегі жаңа тенденциялар мен инновациялық әдістемелерді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл студенттерге түрлі мәдениеттермен танысуға, түрлі елдерден келген студенттермен тәжірибе алмасуға және халықаралық деңгейде білімдерін сынауға мүмкіндік береді. Университеттің халықаралық серіктестерімен байланыс орнату студенттер үшін шетелде білім алудың, тағылымдамадан өту мен ғылыми жобаларға қатысудың мүмкіндіктерін ашады. Сапалы білім беру арқылы болашақта елімізге қосар үлесі өте зор. Университет түлектері әлемнің әртүрлі елдерінде жұмыс істейді, елдің экономикасын дамытуда, ғылым мен технологияларды алға жылжытуда, қоғамдық және мәдени өмірге белсенді қатысады. Оқу ордасы білім алушы жастарға жоғары білім, ғылым, мәдениет және шығармашылық саласында қол жеткізу үшін барлық жағдайларды жасайды. Университеттің әрбір түлегі, ол қай салада жұмыс істесе де, еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға дайын болуы тиіс. 

     ҚазҰУ сапалы білім беру арқылы болашаққа жетелейтін университет болып табылады. Ол тек білім берумен шектелмей, ғылым мен инновация саласында жетекші орынға ие болып, еліміздің және әлемнің дамуына үлкен үлес қосады. Университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейі студенттерді болашақта бәсекеге қабілетті мамандар етіп даярлауға бағытталған. ҚазҰУ-дың басты миссиясы – сапалы білім беру арқылы әрбір студенттің болашағын ашып, қоғамның тұрақты дамуына ықпал ету.

Рахметов Е.Ш. 

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының заң ғылымдарының докторы, аға оқытушысы

Дан старт мероприятиям, посвященным 100-летию Нургисы Тлендиева

Сегодня, 1 апреля 2025 года, в Государственной академической концертной...

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдықмерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында...

Заң факультеті түлектерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті — еліміздің...

Бейбітшілік пен сот әділдігі-жарқын болашақ кепілі

     БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты-«Бейбітшілік, әділдік...

По городам и районам

В ходе рабочей поездки глава области Абай Берик Уали...