spot_img
spot_img

ҚазҰУ мұражайы — тарих айнасы

Мұражай – әр елдің тарихын, салт –дәстүрін,мәдениетін танытатын құндылық.Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай.Тарихқа толы қара шаңырақ  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де  өз мұражайын ашқан болатын.Мұражаймен таныстыру мақсатында заң факультетінің кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және «90 жыл-90 іс-шара» мерейтой шеңберінде  білім алушылармен барып қайттық.Музей қайта жөндеуден кейін 2013 жылдың 13 сәуір күні университетіміздің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде ашылған еді.Музей тарих галереясы, Даңқ залы, Университеттің тұрақты дамуы атты 3 залында университеттің құрылу тарихы 120 витриналарда жүйелі жинақталып, 5 мыңнан астам тарихи құнды және сирек кездесетін құжаттар мұражай экспонаттары ар­қылы көрсетілген. Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамдық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан» сынды мұралар сақталған. Мұражай қорында — 12000 артық құнды деректер жиналған, олардың ішінде 9800 — фотоқұжат, 30 — қолжазба, 155 — сыйлық, сувенир, портрет және картиналар, 1250 — кітап, ақпараттық басылымдар мен тағы да басқа құнды мұражай заттары бар.Мұражайға экскурсия барысында университеттің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер, білім беру жүйесінің жетілгендігі, халықаралық байланыстардың нығайғандығы, студенттердің қызықты кездері, жалпы университеттік кафедралар мен кітапханалардың  қазіргі заманға сай инновациялық өсуімен танысуға болады. ҚазҰУ мұражайы қала мәдениетінің ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша маңызды нысан деп ойлаймын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  мұражайы — университеттің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани — идеологиялық тәрбие беру орталығы. Бұл орталық — ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады. Мұражай — еліміздің ең ірі білім ордасының бет бейнесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші.

Мәдениет нысандарына бару білім алушыларға  оқу үдерісіне ғана емес, олардың адами әрі ұлттық құндылықтарын, әдебін, ділін, өзге де рухани ұстанымдарын қалыптастыруға септігін тигізеді деп есептеймін.

Аманжолов Ж.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к.

ЦВЕТЫ ДЛЯСЕМЬИ

В целях популяризации культуры чтения и стремления к знаниям,...

О ВАЖНОМ – «БЕЗ ГАЛСТУКОВ»

Встреча команд Акселератора «MIND» с активом Акмолинской области прошла...

Баланың тұрғылықты жерін айқындауға байланысты дауларды шешудің ерекшеліктері

Қазіргі таңда жастары кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың некелері...

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі...

Ассамблея народа Казахстана поддерживает пострадавших от наводнений

Представители Ассамблеи народа Казахстана продолжают оказывать реальную помощь пострадавшим...