12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚазҰУ-да баспагерлік – редакторлық орталық ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде жазушы, фольклоршы, баспагер, этнограф, аудармашы Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасын зерттеу мен талдауға және баспа ісіндегі  өзекті мәселелерді талқылауға  арналған «Қазақстандағы баспа ісі және Зейнолла Сәніктің баспагерлік, редакторлық қыры» атты республикалық конференция өтті. Конференцияға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, Зейнолла Сәніктің отбасы,әріптестері, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, белгілі баспагерлер, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысты.

Зейнолла Мүбаракұлы Сәнік – белгілі жазушы, фольклоршы, аудармашы, 1935 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Бейжіңде Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің мектебінде оқыды. Түрлі баспаларда редактор болған. 1970-1978 жылдары саяси қуғынға ұшырап, қайта ақталған. Елге оралған соң Алматыда тұрып, шығармашылық қызметін жалғастырды. Ол 2013 жылы дүниеден өтті. Оның «Тау жұлдызы», «Қазақ этнографиясы» сынды шығармалары қазақ баспасының жауһарына айналған.

Конференция барысында Зейнолла Сәнік атындағы «Баспагерлік – редакторлық орталық»  ашылды. Оған қоса «Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік ғылыми жұмыс», «Дизайн өнерінің үздік туындысы» аталымы бойынша студенттер арасында ұйымдастырылған байқау қорытындысы шығарылды. Іс-шара аясында Зейнолла Сәнік атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалды. Конференцияда және де ұлттық баспа ісінің қазіргі замандағы дамуы; Қазақстандағы электронды кітап нарығы; ізденістер мен іркілістер; Зейнолла Сәніктің  шығармашылық  мұрасы; жазушының  баспагерлік қыры, редакторлық шеберлігі тақырыптары қаузалды.

Кафедра меңгерушісі, доцент Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы:

«Оқу барысында студенттер теориялық білімге қанық болады. Және уағы келеген кезде баспаханахалардың жұмысымен танысады. Дегенмен осы екі аралықта студенттерді практикаға баулып, өз газет-баспаларын жасауға жағдай жасау керек-тін. Осы мақсатта кафедра ниетті демеушілерді іздеген еді. Үнқағысымызға Зейнолла Сәніктің перзенттері құлақ қойып, қолғабыс ететіндіктерін жеткізді. Енді міне «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» арқасында баспа өнімдерін дайындауға арналған құрал-сайманы түгел орталығымыз бүгін қолжетімді игілікке айналды. Орталықты жабдықтау және әрлеу жұмысын қор толық өз мойнына алды. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қаңтарында басталып, ашылу салтанатының мерейлі сәті бүгінгі күнге түсіп тұр. Жалпы осынау игі жобалардың бастамасы тек бұл емес. Осы уақыттқа дейін белгілі кәсіпкер Тастекеев Дулат демеушілігімен, студенттер арасында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай байқау өтті. Жүлде қоры миллион теңге төңірегінде болды. Одан бөлек Амандасов, Әбілпайыз Ыдырыс атындағы байқау жарияланды. Енді осы сияқты байқауларды ұйымдастырудағы негізгі мақсат студенттерді ғылым-білімге, іздемпаздыққа баулу, және ең бастысы әлеуметтік аз қамтылған шәкірттерді қолдау, және мотивация беру. Бұл жас буының шығармашылық ізденісіне жол ашып, еңбектерін бағалау болып табылады.»

Шара соңында «Қазақстандағы баспа ісі және Зейнолла Сәніктің баспагерлік, редакторлық қыры» аясында өткізілген студенттер арасындағы үш бағыттағы байқау қорытындысы жарияланды.  «Дизайн өнерінің үздік туындысы» атты бейне жарысында Берістенов Жанарбектің шәкірті Қайырлықызы Ұлдай 1 орын иеленді, «Үздік ғылыми жұмыс» бағыты бойынша Мәдиев Сансызбай ағамыздың шәкірті Сүнбек  Сымбат топ жарды, «Үздік баспасөз жарияланымы» бағытында Шыңғысова Назгүл жетекшілігімен Сейсенбаев Санжар бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жылыс Нұрбол

Заң газеті

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

Сотрудники-наставники акмолинского ДУИС организовали работу по патриотическому воспитанию молодежи

Патриотическое воспитание подрастающего поколения, молодежи - актуально на всех...

Сотрудники акмолинского ДУИС посетили соседнюю область, в рамках профориентационной работы

Сельские школы Еленовки, Шалкара и Лобаново Северо-Казахстанской области посетили...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...