ҚАЖД ведомствоаралық жедел кеңес өткізді

2024  жылдың 21 ақпанында Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің ұйымдастыруымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді. 

Аталған жедел кеңес Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың төрағалық етуімен жүргізілді. 

Жедел кеңеске Алматы қаласы прокуратурасы, Алматы қаласы полиция департаментінің ЖПҚ және Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. 

Жедел кеңесте Алматы қалалық пробация қызметі бөлімдерінің есебінде тұратын сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне тартылған сотталғандар тарапынан жаза өтеу мерзімі кезінде қайталап жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары қарастырылды.  

ҚАЖ Департаменті бастығы тарапынан пробация қызметі есебінде тұратын сотталғандардың қайталап жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудың бір құралы ретінде сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстарын ұйымдастыру үшін, жұмыс тобын құруға ұсыныс енгізілді. 

Кеңес шешімі бойынша сотталғандарды жұмыспен қамту және қайта қылмыс жасау алдын алу мақсатында  арнайы жұмыс тобының құрамына ҚАЖ департаменті, прокуратура қызметкерлері, ПД ЖПҚ қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері құрайды, жұмыс тобына нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру міндеттері жүктелді. 

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...