ҚАЖД басшысы сотталған әйелдерді Жауғаштыға қабылдады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков №10 мекемеге барып, сотталған әйелдерді жеке өзі қабылдады.

Жеке қабылдау барысында Департамент бастығы әйелдердің өтініштерін тыңдады. Сұрақтар негізінен ұстау шарттарына, медициналық қызмет көрсету және жұмысқа орналасуға қатысты болды.

Барлық өтініштер бойынша құқықтық сипаттағы түсініктемелер, толық жауаптар мен ұсынымдар берілді.

Проблемалық мәселелерді қарау кезінде белгілі бір шешімдер қабылданып, мекеме әкімшілігі үшін міндеттер қойылды.

Жұмыс сапарының нәтижелері бойынша тиімділік талданып, орындалатын міндеттер мен ерекшеліктерді ескере отырып, Департаменттің әрбір мекемесі мен бөлімдері үшін ұсынымдар әзірленді.

«Мен ведомстволық бағынысты мекемелерде сотталғандарды жеке қабылдауды апта сайын тұрақты негізде өткіземін. Бұдан басқа, сотталғандарды жеке қабылдау барысында сапалы түсіндіру ақпаратын беру үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде», — деп атап өтті Қайрат Дәлбеков.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...