12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлерінің әлеуметтік тұрмысын зерделеу жұмыстары жүргізілді

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесі тәрбие және кадр жұмысы тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі инспекторы, әділет кіші сержанты Данияр Әлсейітов мекеме қызметкерлерінің үйлерін аралап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – ҚАЖ қызметкерлерінің отбасылық әл-ауқатын зерттеу, олардың өмір сүру деңгейін бағалау және туындаған мәселелерді анықтау. Инспектор қызметкерлердің отбасымен кездесіп, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, жұмыс туралы пікір алмасты.
Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту – олардың моральдық-психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қызметке деген ынтасын арттыратын маңызды фактор. Сондықтан мұндай кездесулер ҚАЖ қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, олардың қажеттіліктерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

№15 мекемесінде қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №15 мекемесінде жазаөтеуші...

«Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулық кепілі»

Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін,...