12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлеріне азаптаулардың алдын алу және болдырмау, арнайы құралдарды қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

         Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде  жеке құрам қызметкерлеріне азаптаулардың алдын алу және болдырмау, арнайы контигентпен қызмет барысында  қандай жағдайда арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруларды және тасымалды бейнетіркегіштерді қолдану бойынша жиын өтті. Мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Битаев ашып, мекеме қызметкерлеріне қызмет барысында орын алатын келеңсіз жайттар болған жағдайда бейнетіркегіштерге түсіріп, сотталған мен айыпталған азаматтармен сыпайы сөйлесу мен заң бойынша жұмыс жасау қажеттігін,арнайы құралдарды қандай жағдайда қолдану керектігін баса айтты.
         – Өмірде жаза басып немесе қасақана оймен қылмысқа барған түзеу мекемесіндегі әртүрлі пиғылды адамдар контингентінің ортасында жүріп, олардың тәртібі мен іс-әрекетін қадағалай отырып, қызмет атқару оңай емес. Сондықтан қызмет барысында әрбір ҚАЖ қызметкері қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтап, қызмет бабында  қолданыстағы заң аясында жұмыс жасау қажет. Өз құқықтарыңызды және  сотталған азаматтардың да құқықтарын заң аясында сақтап, сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда тек заң шеңберінде ғана шара қабылдау қажет, – деді Абай Есенгелдіұлы.
         Жиын соңында арнайы құралдарды қандай жағдайда  қолдану қажеттігі туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...