12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлерімен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби шара өтті

9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осы атаулы күнге орай ҚАЖ департаментінің тіл маманы Д. Достанова 37мекеме қызметкерлеріне әдеби іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ақпарат беріліп, оның өлеңдері оқылды. Қызметкерлер ақынның жүрекке жылы, рухани терең өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әдеби кеш ақын мұрасын дәріптеу, рухани байлығымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Мұқағали Мақатаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, поэзияның мәңгілік шамшырағы. Оның өлеңдері қанша жыл өтсе де, өз құндылығын жоғалтпай, керісінше, уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа оқырмандарын табуда. Біз бүгінгі іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алдық, жырларын оқып, бір сәтке болсын Мұқағали әлеміне ендік.

Мен Мұқағали жырлары мәңгілік өшпейді деп есептеймін. Оның шығармалары бізге өмірдің мәнін ұғындырып, рухани күш береді. Қызметте жүрсемде, ақын өлеңдерін жиі оқимын. Бүгінгі тағылымды шарадан рузани азық алдық,- дейді әділет капитаны Сая Кенжеғұлова.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...