ҚАЖ қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен азаптаудың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №71 мекеме қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлықпен күрес, жол бермеу, алдын алу» және «Азаптауға және басқада қатыгез, адамгершілікке жатпайтын ар-намысты қорлауға тыйым салу» тақырыбы бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Жиынға арнайы Жетісу облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Нұхаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Қанат Қарымсақов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің экономика жоғары мектебінің дәріскері, заң ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Чингаева және Талдықорған қалалық емхана өкілдері шақыртылды.

Кездесу барысында жеке құрам назарына түсіндірме сұхбат жұмыстары жүргізілді. Заң ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Чингаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы слайдпен сүйемелденген әсерлі баяндамасын ұсынды.

Сондай-ақ, Жетісу облыстық ҚАЖ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа және азаптауға байланысты шолулар жеткізілді.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...