ҚАЖ қызметкерлері студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық -атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы, әділет капитаны Шахи Динара Ақмешіт колледжінің студенттерімен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – колледж түлектерін кәсіби тұрғыда бағыттап, ҚАЖ саласында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
Әділет капитаны Шахи Динара студенттерге ҚАЖ саласына қызметке қабылдау кезіндегі талаптары мен қылмыстық- атқару жүйесінің қызметкерлері үшін заңнамада көрсетілген жеңілдіктері туралы атап өтті.
Кездесу барысында студенттер ҚАЖ қызметінің жұмыс ерекшеліктері, күнделікті міндеттері және тәртіп талаптары туралы толығырақ ақпарат алып, қызығушылық танытты. Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
Алдағы уақытта ҚАЖ департаменті мұндай кездесулерді өзге оқу орындарында да өткізуді жоспарлап отыр.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...