ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды оқыту мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестікте қамтамасыз етудің 2024 — 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында, №57 мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімі дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Заречный ауылдық округі әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы саланы дамыту және жобаларды қамтамасыз ету бөлімінің жетекші сарапшысы, ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, №57, 12 мекемелерінің кәсіптік колледж директорлары және «Еңбек – Жауғашты» РМК филиалының директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қатысты.

Отырыс барысында мекеме аумағында сотталғандарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін қысқа мерзімді курстарды ашу мәселелері, сондай-ақ жұмыс істейтін өндіріс орындарын мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктері қарастырылды.

Қатысушылар №57 мекеме аумағында орналасқан кәсіптік колледж оқу базасымен, сондай-ақ «Еңбек – Жауғашты» мемлекеттік кәсіпорынның №3 өндірістік учаскесінің базасымен танысты.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...