ҚАЖ қызметкерлері «Қызметтегідей спортта да» акциясын қолдады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ «Динамо» республикалық дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған республикалық эстафетаға қосылды.

«Динамо» қоғамының ғасырлық мерейтойына орай ҚР Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қызметтегідей спортта да: қадамнан қадамға» атты кең ауқымды акциясын іске қосты.

Осы бастама аясында, №57 мекеме басшылығы волейбол турнирін ұйымдастырды. Турнирге Алматы және Жетісу облыстарының мекеменің командалары қатысты.

«Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты қалыптастыруға, физикалық белсенділікті арттыруға және зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді», – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Рысбек Тұрғымбаев.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған №71 мекеме командасы эстафетаны қабылдады. Екінші орынды №49 мекеме командасы, ал үшінші орынды №10 мекеме командасы иеленді. Үздік ойыншы атағы №49 мекеме режим және қадағалау бөлімінің бастығы Мади Оразбақовқа берілді.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...