ҚАЖ қызметкерлері мекеме ауласына ағаш көшеттерін отырғызды

Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланып, жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіледі. Аталған 10 күндіктің ішінде 19 наурыз – Жаңару күні.

«Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. «Жаңару»күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесі қызметкерлері ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген дана бабаларымыздан қалған қағиданы берік ұстанған ұжым бір кісідей жұмылып, қолдарына күрек алып, мекеме ауласына
ағаш көшеттерін отырғызды.

«Ағаш егу- ежелден келе жатқан игі амалдардың бірі.Халқымызда кез-келген жан артына бір тал ағаш отырғызып кетуі қажет деген жақсы бір тәмсіл бар. Міне,осы айтылғандай, әрбір азамат ағаш отырғызса,айналамыз көгалға айналары сөзсіз. Мекеме қызметкерлері отырғызған ағаштар мекеменің көркіне айналады»-деді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...