ҚАЖ қызметкерлері, 88 жасар тыл ардагерін әйелдер күнімен құттықтады

Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері түзеу мекемесінің ардагері Химиш Қожахметұлы Абылкасимовтың жұбайы: тыл ардагері Рымкеш Мукушевна Абылкасимованы 8-наурыз «халықаралық әйелдер күнімен» құттықтады. Олардың Химиш Қожахметұлының қазасынан кейін ардагер анаға екінші келулері. Рымкеш Мукушевна қызметкерлерді қуанышпен қарсы алды. Мерекеге орай қызметкерлер ардагер анаға гүл шоғы мен естелік сыйларын тарту етті.
Химиш Қожахметұлы бұл мерекеге ерекше дайындықпен, жылулықпен қараушы еді. Сіздердің ол кісіні жоқтатпай келіп жатқандарыңыз жаныма ерекше қуаныш сыйлады. Қызметтеріңе, әріптестеріңе, жолдастарыңа әрқашан адал болыңдар, сонда құрметке лайық боласыңдар-деп ризашылығын білдірді ардагер ана.
Химиш Қожахметұлы Абылкасимов қылмыстық-атқару жүйесінде 25 адал қызмет атқарған тыл ардагері, мекеме бастығының шаруашылық сұрақтары бойынша орынбасары лауазымынан осы мекемеден зейнеткерлікке шыққан. Бұл жұп Семей облысының әлеуметтік мәселелерін шешу жолына зор үлесін қосқан жұмыскер жандар-деп түсіндірді мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлім бастығы Дидар Жумаханова.

«Мы не просим милостыни, мы требуем соблюдение наших прав»

 Итоги противостояния общественности и разработчиков закона о поддержке  особенных...

Новая роль домкомов и КСК

АКТИВНОЕ ВОВЛЕЧЕНИЕ ЖИТЕЛЕЙ Г. ШЫМКЕНТА УСИЛИТ РАБОТУ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ...

Мониторинг профориентации школьников

КОМПЛЕКСНОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ СИСТЕМЫ ПРОФОРИЕНТАЦИИ В ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА РЕАЛИЗУЕТ НАЦИОНАЛЬНАЯ...

Когда кредит становится ловушкой

ЧАЩЕ ВСЕГО КРЕДИТ ОФОРМЛЯЕТСЯ НЕ ТОГДА, КОГДА ЧЕЛОВЕК СПОКОЕН,...

Беззаветное служение Закону

30-летие Союза судей Республики Казахстан – это не только...