ҚАЖ мекемесінде жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 37 мекемесінде 2024 жылдың 3 айында мекемедегі атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында Қызылорда облысының ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалық етуімен жедел кеңес отырысы өтті.

Жедел кеңеске мекеме басшылығы, бөлім бастықтары, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлер қатысты. Жиынды департамент бастығының орынбасары ашып беріп, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібі бойынша мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет майоры Битаев Абай Есенгелдіұлы мекеменің жедел -қызметтік жұмысының үш айда атқарылған жұмыстарың баяндады.

Баяндаманы тыңдаған әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы мекеменің қауырт жұмысы барысындағы жіберілген кемшіліктерге тоқталып, сол сияқты күн тәртібінен түспейтін басты мәселе жеке құрам арасындағы тәрбиелілік жұмыстарға және жеке құрамның арнайы контигентпен қарым- қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігін баса айтты. Сонымен қоса жас қызметкерлерге антына адал болып, қызметтеріне жауапкершілікпен қарап жұмыс жасауға шақырды.

Жедел кеңесті қорытындылаған әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді және жеке құрам қызметкерлеріне қызметтерінде қырағы болып, заң талаптарына сәйкес қызмет атқарды тапсырды.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...