ҚАЖ мекемесінде тыйым салынған заттардың енуінің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізілді

2024 жылғы 21 қарашада Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Кинология орталығының мамандары мен 37 мекеме қызметкерлері бірлесіп, профилактикалық іс-шара жүргізді. Бұл шараның мақсаты – мекемеге тыйым салынған заттардың енуін болдырмау және тәртіпті нығайту болып табылады.
Іс-шара аясында мекеменің ішкі және сыртқы қоршаулары, сотталғандардың жатақханалары, қоймалары мен карантин бөлімі толық тексерілді. Тексерулер кинолог маман қызметкердің үйретілген итімен жүргізілді.
Режим бөлімшесінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Е.Шамет атап өткендей, осындай профилактикалық шаралар тыйым салынған заттардың мекемеге енуінің алдын алуға мүмкіндік береді, және бұндай іс-шаралар өз жалғасын табады. Жоғары кәсібилік пен үйлесімді жұмыс нәтижесінде мекеме қызметкерлері өз міндеттерін абыроймен атқарды.

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...