12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ҚАЖ мекемелерінің медициналық ахуалы, сонымен қатар, атқарылған қызметтері жайында департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Бұл жиын Қызылорда облысы прокуратурасының Үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Алмас Махмут Ахтанұлы, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаныл Исаевна, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Шәріпбаев  Даурен Сактапбергенович және №3, №6 қалалық емхана бас дәрігерлерінің қатысуымен өтті.
 
Шараның басты мақсаты 2024 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстары және жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайларына байланысты аурушаңдықтың алдын алу, өлім жағдайларын болдырмау. Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау тобының аға инспектор санитар дәрігері әділет капитаны Шаймбетова Меруерт Жұмахметқызы ағымдағы жылдың қаңтар айында өткізілген дөңгелек үстелдің оң нәтижелері мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша шолу жасады.

Жиын барысында мекемелердің жанындағы медициналық бөлімдерге күндізгі стацонарға рұқсат лицензиясын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және тоқсан сайын «Жылжымалы медициналық кешен», ай сайын мекемелердегі сотталғандарды денсаулыққа шағымдары бойынша жеке қабылдаулар жүргізу қолға алынып жатқандығы атап өтілді. Сонымен қатар, дәрігерлердің жазбасына сәйкес, бейінді мамандардың кеңестері мен қажеттілікке қарай инструменталды тексерулердің қолжетімділігін арттыру қажеттігі қорытындыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...