Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекемесі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды жақсарту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын орындау мақсатында, бос аумақтарында өндіріс объектілерінің құрастырмалы модульдік үй-жайларын орнату мүмкіндігін беру арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша жұмыс атқаруда.
Мекеме қызметкерлері жергілікті өндірістік кәсіпорындардың басшыларымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Жиынға жеміс консерві зауыты ЖШС «СД и К» басқарушы директоры, ЖШС «ПЕНОПЛЕКС» директоры, құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі ЖШС «ХЕНКЕЛ» әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, ЖШС «KNAUF» бас директоры қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлерге мекемелерде өндіріс ашу алгоритмін, сондай-ақ кәсіп ашу үшін ҚАЖ мекемелерінің аумағында бизнес ашудың тиімділігін түсіндіріп өтті.
Кәсіпкерлер мекеме аумағында кәсіп ашу мәселесін қарастырып, нарыққа жіті мониторинг жүргізіп, талдау жұмыстарын жүргізетінің жеткізді.