ҚАЖ Департаментінің қоғамдық қормен өзара әрекеттестігі

Бірнеше жыл бойы меморандум негізінде Алматы және Жетісу облыстарының ҚАЖ мекемелерінде «Реванш» қоғамдық қоры өз қызметін жүзеге асыруда.

Қордың негізгі міндеті сотталғандарды босатылғаннан кейін қайта әлеуметтендіру болып табылады. Сотталғандар босатылғанға дейін алты ай бұрын Қор өкілдері түсіндіру-ақпараттық сұхбаттар өткізеді. Одан кейін босатылған сотталғандарға құжаттарды рәсімдеу, медициналық қамтамасыз ету, оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, тұрғын үйі жоқ сотталғандар үшін тегін негізде 6 айға дейін уақытша тұратын орын беріледі.

Сондай-ақ, «Реванш» қоғамдық қоры сотталғандарға гуманитарлық көмек көрсетеді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...