Қазақстанның қай қалаларында жол ережесі жиі бұзылады?

Қазақстанда жыл басынан бері 11 миллион 478 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 11 миллион 478 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған.

Заңбұзушылықтар саны бойынша, антикөшбасшылар қатарында еліміздің үш ірі қаласы — Алматы, Астана және Шымкент, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстары тұр.

Ең көп тіркелген заңбұзушылық:

  • Алматыда – 3 миллион 582 мыңнан астам жағдай;
  • Астанада – 1 миллион 433 мыңнан астам;
  • Шымкентте – 850 мыңнан астам.

Негізгі заңбұзушылық — жылдамдықты асыру. 2024 жылы осы түрдегі құқық бұзушылықтар саны 5 миллион 681 мыңды құрады, бұл жалпы санның жартысына жуығы.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.