Қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

2024 жылғы желтоқсанда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желтоқсанда қазақстандықтарда қосымша демалыс күндері болады. Айдың басты оқиғасы – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күнін атап өту.

Мерекеге дейінгі демалыс күндерінің кестесі:

  • 14 желтоқсан, сенбі: алты күндік жұмыс аптасы үшін жұмыс күні, ал бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні.
  • 15 желтоқсан, жексенбі: қалыпты демалыс күні.
  • 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығы үшін демалыс).

Айта кету керек, 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері. Бес күндік кестемен жұмыс істейтіндер 2025 жылды қарсы алуға дайындалу үшін жылдың соңғы демалыс күндерін – 28 және 29 желтоқсанды тиімді пайдалана алады. 

Желтоқсандағы кәсіби мерекелер:

  • 5 желтоқсан – Адвокатура күні;
  • 6 желтоқсан – Прокуратура күні;
  • Желтоқсанның үшінші жексенбісі (15 желтоқсан) – Энергетика күні;
  • 20 желтоқсан – Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
  • 22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.