Қазақстандықтар орта есеппен қанша табыс табады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақыны есептеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бюро мәліметінше, 2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 308 717 теңге, ал орташа жалақы 434 982 теңге болған.

Айта кетейік, 2024 жылы III тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 269 378 теңге, ал орташа жалақы 390 328 теңге болды.

2023 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда жалақы 10,5 пайызға, инфляцияны ескере отырып 1,8 пайызға өсті.

Орташа жалақының өсуі жалақы қоры ұлғаюымен, жылдық бонустармен, мерекелік сыйақылармен байланысты.

Бір жылдағы жалақының ең жоғары өсімі мына салаларда тіркелді:

  • Ақпарат және байланыс — +32,8 пайыз;
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы — +22,7 пайыз;
  • Жылжымайтын мүлік операциялары — +20,3 пайыз.

Өңірлер арасында 2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы IV тоқсанда орташа айлық жалақының ең көп өсімі мына өңірлерде тіркелді:

  • Алматы мен Шымкентте 13,6 пайызға өсті,
  • Қарағанды облысында 13,2 пайызға,
  • Солтүстік Қазақстан облысында 12,9 пайызға,
  • Ақтөбе облысында 12,6 пайызға.

Медианалық жалақы — жұмысшыларды екі тең топқа бөледі, олардың жартысы осы мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл жалақы өте жоғары немесе өте төмен жалақы мөлшерін ескермей, орташа мөлшерде адам қанша жалақы алатынын көрсетеді.

Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйлықақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрін ескере отырып көрсетіледі. 

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.