Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Қазақстандық техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.  

Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 миллиард теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр. 

Өтініштерді 2025 жылдың 17 наурызында қабылдайды. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ. 

Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7 пайыз (ЖТСМ 7,1 пайыздан 9,6 пайызға дейін) және қалған барлық санат үшін 9 пайыздық (ЖТСМ 9,4 пайыздан 13 пайызға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна — таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10 пайыздан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20 пайыздан басталады.

Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 миллион теңге, Астана мен Алматы үшін 36 миллион теңге болады.

Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейді, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.  

«Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер, құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иесі біздің негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық — бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу — қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді Отбасы банкі АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.