Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттап жатыр: операторлар не дейді?

Қазақстандықтар байланыс пен интернет тарифтері бағасының көтерілгеніне шағымданып жатыр. Расымен де, кейбір ұялы байланыс операторлары 2025 жылы тарифтердің көтерілетінін хабарлады. Неліктен бұлай болды және Цифрлық даму министрлігі бағаның көтерілуі туралы не дейді? Толығырақ —Tengrinews.kz материалында.

Бұған дейін Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек министрлік сонау 2017 жылы қабылданған Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, операторлардың тарифтеріне әсер ете алмайтынын мәлімдеген еді. Алайда операторлармен олардың қызметтерінің бағасына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.

«Жыл соңында (2024 жылы) халықтың көңіл-күйін сәл көтеру үшін баға өспейді деп келістік», — деді вице-министр 21 қаңтарда өткен үкімет брифингінде.

Тарифтерді кім және не үшін көтеріп отыр?

Тарифтердің көтерілуі туралы байланыс операторларының өзі не дейді? Өкінішке қарай, Kcell/Activ баспасөз қызметі Tengrinews.kz-тің 14 қаңтардағы ресми сауалға әлі жауап бермеген. 

Айта кетейік, компания кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлемді 13 желтоқсанда көтеруді жоспарлаған еді. Алайда кейінірек оператор қолданушыларына бұл өзгерістен әзірше бас тартқаны туралы SMS жіберді.

Байланыс операторларының ресми сайттардағы хабарландыруларға қарағанда, кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлем 2025 жылғы 26 ​​ақпаннан бастап өзгереді.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.

ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде? 

Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, интеллектуалды көлік шешімдерін жүйелі түрде енгізу жалғасуда.

Декреттегі аналар жұмыссыз ретінде төлем ала ала ма? – Ресми жауап 

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға мемлекет төлем береді.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.