12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 20 жылда қалай өзгерді?

Елімізде тұрғын үй бағасы жыл сайын өсіп жатыр. Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сарапшылармен бірге соңғы екі онжылдықтағы Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның серпінін талдады.

2005 жылдан 2007 жылға дейін елдегі несиелеу және шетелдік қаржыландыру тұрғын үй бағасының күрт өсуіне ықпал етті. Алайда 2008 жылғы халықаралық капиталдың тоқтап қалуымен байланысты дағдарыс жылжымайтын мүлік бағасының күрт төмендеуіне және экономикалық құлдырауға әкеп соқтырды.

Massaget.kz редакциясының Ұлттық статистика бюросына жолдаған ресми сауалына жауапқа сәйкес, 2008-2009 жылдары тұрғын үй айтарлықтай арзандаған.

«2004-2024 жылдардағы пәтерлерді қайта сату бағалары индексінің динамикасы бойынша, бағаның күрт төмендеуі 2008 жылы 20,4 пайыз тіркелді, сонымен қатар 2009 жылы — 6,1 пайызға, 2017 жылы — 1,6 пайызға, 2016 жылы 0,7 пайызға, 2023 жылы — 3,7 пайызға төмендеді», — делінген жауапта.

Ал жаңа тұрғын үйлерді сату 2008 жылы — 8,7 пайызға, 2009 жылы — 6,9 пайызға, 2016 жылы — 3,6 пайызға арзандады.

Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың іске қосылуы нарыққа қалай әсер етті?

2017 жылдан бастап Қазақстанда пайызы нарықтық мөлшерлемелерден төмен мемлекеттік ипотекалық кредиттеу бағдарламаларын енгізу басталды. Бұл бағдарлама орта тапқа бағытталды және тұрғын үйдің барлық түрін қамтыды, сондықтан жылжымайтын мүлік нарығында баға өсті.

2017 жылы бастапқы тұрғын үйді сатып алуға «Нұрлы жер» мемлекеттік жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы іске қосылды, бұл нарыққа айтарлықтай әсер етті, ипотекалық кредит көлемі 74 пайызға, ал сатып алу-сату мәмілелерінің саны 26 пайызға өсті.

2018 жылы бастапқы тұрғын үй сатып алуды қолдауға бағытталған «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның жылдық пайыздық мөлшерлемесі 7 пайыз, ал несиенің мерзімін 25 жылға дейін болды. Сол жылы «Баспана Хит» бағдарламасы енгізілді, ол бойынша 10,75 пайыздық мөлшерлемемен қайталама тұрғын үй нарығында сатып алуға бағытталды.

Бағдарламалар бірден танымалдылық иеленгенгеніне қарамастан, 2018 жылы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері өсу қарқынынан төмен болып қалды, ал бастапқы тұрғын үй бағасы жылдық мәнде 3 пайызға ғана өсті. Екі бағдарлама да 2019 жылы нәтиже берді. Сатып алу-сату мәмілелерінің саны қазірдің өзінде 21 пайызға жетті.

2024 жылы тұрғын үй бағасы қалай өзгерді? 

Krisha.kz сарапшыларының мәліметінше, қаңтардан бері 10 қалада тұрғын үй бағасы өсті.

Мәселен Астанада жыл басында шаршы метр үшін баға 477 мың теңге болды. Ақпан және наурыз айларында баға күрт көтерілді, бірақ кейін маусым-шілде айларында шаршы метр үшін 476 мыңға дейін төмендеді де, тамызда қайта өсті. Осылайша биыл қаңтардан қарашаға дейін 2,9 пайызға қымбаттады.

Алматыда жыл басында шаршы метр үшін баға 721 мың теңге болды. Наурызда баға күрт шарықтап, шаршы метр үшін 732 мыңға дейін барды, бірақ жарты жыл ішінде қайта төмендеп, яғни тамызда ең төменгі деңгейге жетті — шаршы метр үшін 706 мың. Қыркүйектен бастап қайта қымбаттап жатыр. Осылайша биыл қаңтардан қарашаға дейін 0,4 пайызға қымбаттады.

Шымкентте баға жиі өзгеріп отырды. Шаршы метр үшін баға 421 мың теңгелен басталды, сөйтіп шілдеде 412 мың теңгеге дейін төмендеді. Қыркүйекте де осы жағдай сақталды. Қазаннан бастап баға көтеріліп жатыр, алайда биыл қаңтардан қарашаға дейін шаршы метр үшін баға 0.8 пайызға төмендеген.

Ал егер жалпы Қазақстан бойынша есептесек, баға 1 пайызға өскен.

«2023 жылғы қаңтар-қазанда республикалық тренд теріс болды: -1,2 пайыз. Тұрғын үйлердің бағасы 17 қаланың 14-де төмендеді. Ең үлкен төмендеу — Көкшетауда 7 пайызға төмендеді», — деді Krisha.kz сарапшылары.

Астана мен Шымкентте бағаның 2 және 1,5 пайызға төмендеуі байқалса, Алматыда керісінше 1.4 пайызға өскен.

«Қазанның қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 шаршы метрге ұсыныстың орташа бағасы 375,4 мың теңгеге тең».

Қазақстан бойынша ер арзан және қымбат тұрғын үй қайда?

Krisha.kz сарапшыларының деректеріне сәйкес, ең арзан жылжымайтын мүлік — Қызылордада. Бұл бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты.

1 бөлмелі — 7,5 миллион теңге;
2 бөлмелі — 12 миллион теңге;
3 бөлмелі — 16 миллион теңге. 

Сондай-ақ тұрғын үй құны бойынша ең арзан қалалар тізімін толықтырады:

  • Тараз;
  • Талдықорған;
  • Жезқазған.

Бұл қалаларда бір бөлмелі пәтердің бағасы 9,5-10,5 миллион теңгеге аралығында, екі бөлмелі пәтер 14 миллион тұрса, үш бөлмелі баспананың бағасы 21-23 миллион теңгеге жетеді.

Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша көшбасшы — Алматы. Мұндағы бір бөлмелі пәтердің құны Қызылордадағы үш бір бөлмелі пәтермен бірдей. Тіпті жиһаз бен жөндеу жұмыстарына ақша қалады. 

Өткен жылдың соңындағы бағалар:

1 бөлмелі — 24 миллион теңге;
2 бөлмелі — 36 миллион теңге;
3 бөлмелі — 44 миллион теңге.

Астанада пәтер құны Алматыдағыдан төмен:

1 бөлмелі — 18 миллион теңге;
2 бөлмелі — 26,8 миллион теңге;
3 бөлмелі — 39,5 миллион теңге. 

Үштікті Шымкент түйіндейді:

1 бөлмелі — 15,5 миллион теңге;
2 бөлмелі — 22,5 миллион теңге;
3 бөлмелі — 28,5 миллион теңге. 

2025 жылы тұрғын үй қаншалық қымбаттайды?

«Барлық экономикалық үрдісті ескерсек, бастапқы тұрғын үй бағасы 2025 жылы 5,8 пайызға дейін, ал 2026 жылы 6,8 пайызға дейін өсуі күтіледі. Қайталама тұрғын үй бағасы 2025 жылы 6,2 пайызға дейін көтеріледі. Инфляцияның баяулауымен 2026 жылы қайталама тұрғын үй мен жалдау бағасы да төмендейді», — деді жеке сарапшы Нұржан Алмас.

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті...

Қазақстанда кейбір азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің тәртібі өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

На грани долгового плена

КРЕДИТНЫЙ ПОРТФЕЛЬ КАЗАХСТАНЦЕВ НА НАЧАЛО 2025 ГОДА ДОСТИГ АСТРОНОМИЧЕСКОЙ ЦИФРЫ В 24,1 ТРЛН ТЕНГЕ, ЧТО НА 22,9 ПРОЦЕНТА БОЛЬШЕ, ЧЕМ ГОДОМ РАНЕЕ. ЭТО ТРЕВОЖНЫЙ ПОКАЗАТЕЛЬ ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ, КОТОРОЕ ВСЕ ЧАЩЕ ОКАЗЫВАЕТСЯ В ДОЛГОВОЙ ЯМЕ. ВМЕСТО ТОГО ЧТОБЫ ИЗБАВИТЬ НАРОД ОТ ДОЛГОВОГО БРЕМЕНИ, КРЕДИТЫ ПРОДОЛЖАЮТ НАВЯЗЫВАТЬСЯ НА КАЖДОМ ШАГУ.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға шектеу қойылды ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "GPT чатын пайдалануға тыйым салынды" деген ақпаратқа пікір білдірді.

Қазақстандағы VIP нөмірлер нарығы: баға динамикасы мен сұраныс өзгерістері

Қазақстандық жүргізушілер жақын арада мемлкеттік көлік нөмірі үшін цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын таңдай алуы мүмкін.