Қазақстанда қанша адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған?

Қазір «Қара бүркітте» өмір бойына сотталған қанша адам жазасын өтеп отыр? ҚАЖК өкілдері Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берді.

«Қара бүркітте» қанша адам отыр?

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылған 200-ге жуық адам бар. Олар Қостанай облысындағы №39 мекемеде («Қара бүркіт») отырады.

Айта кетейік, былтыр ҚАЖК «Қара бүркітте» өмір бойына сотталған 180 адам отырғанын хабарлады.

«Қара бүркітте» қанша адам жұмыс істейді?

ҚАЖК өкілдері «Қара бүркіттегі» күн тәртібі қалай өтетінін айтты. Ресми жауапқа сүйенсек, Қазақстандағы басқа түзету мекемесіндегілермен бірдей.

Мекемеде мектеп те жұмыс істейді. 

«Мекемеде жұмыс нысандары бар, онда 90-ға жуық сотталған жұмысқа орналасқан», — деп жазылған ҚАЖК-ның Massaget.kz-ке жауабында.

Сотталғандарға бір күнге қанша теңге бөлінеді?

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми жауабына сүйенсек, бір сотталғанға тәулігіне жұмсалатын шығын — орташа есеппен 2 654 теңге. Комитет бұл шығын «Қара бүркітте» отырғандарға да, айыпталушыларға да қатысты екенін растады.

«Бұл сомаға тамақтану, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, гигиена құралдары, коммуналдық қызметтер, сотталғандарды этаппен жөнелту, босатылатын сотталғандардың жол жүруі кіреді», — деп жазылған жауапта.

«Қара бүркітте» отырғандар жақындарымен тілдесе ала ма?

Комитет мәліметінше, өмір бойына сотталғандарға қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес кездесулерге, хат жазуға және таксофон арқылы сөйлесуге рұқсат етіледі.

Анықтама: Қазақстанда ерекше қорғалатын бас бостандығынан айыру орындарының бірі — «Қара бүркіт». Ол Қостанай облысында орналасқан, ресми атауы — №39 мекеме. Жұртшылыққа «Қара бүркіт» деген атпен таныс.

Мұнда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді: террористер, кісі өлтірушілер және педофилдер. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, кейін өлтірген педофил «Қара бүркіт» түрмесіне ауыстырылғаны хабарланды.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.