Қазақстанда қай өңір жемқорлық бойынша көш бастап тұр?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қай өңірде жемқорлық дерегі көп тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта айтылған.

Қай өңірлер антирекорд көрсетті?

Антикор мәліметінше, биылғы 10 айда тіркелген жемқорлық қылмыстардың ең көп саны Шымкент (87), Астана (83) қалаларында, сондай-ақ Алматы (67) және Абай облыстарында (55).

Өңірлерде қандай салаларда жемқорлық деңгейі жоғары?

Агенттік өкілдері бұл өңірлерде көбіне қай салада жемқорлық дерегі көп анықталғанын айтты:

  • Шымкент қаласында Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласында 9 қылмыс, білім беру саласында 7 қылмыс тіркелген.
  • Астана қаласында білім беру саласында — 13;
  • Алматы облысында білім беру саласында — 21;
  • Абай облысының ауыл шаруашылығы саласында 6 жемқорлық қылмысы тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады. 

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.