Қазақстанда қай кредит автоматты түрде жойылады?

2023 жылдан бастап Қазақстанда қаржылық алаяқтықпен күресу мақсатында ерікті түрде кредиттен бас тарту шарасы енгізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әрбір азамат қарыз алу мүмкіндігіне шектеу қою құқығына ие. «Стоп-кредит» қызметі eGov сайты мен мобильді қосымша арқылы қолжетімді. Бұл қызметті қалай пайдалану керектігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) түсіндірді.

Қызметті компьютер арқылы пайдалану үшін келесі қадамдарды орындау қажет

  • egov.kz сайтына кіріп, жеке кабинетке тіркелу;
  • «Қызметтер» бөлімінде «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беру;
  • Барлық міндетті өрістерді толтырып, электрондық сандық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтінімді қол қою;
  • Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде сұрау нәтижесі туралы хабарламамен танысу.

Мобильді қосымша арқылы қызметті пайдалану үшін

  • eGov мобильді қосымшасын ашу;
  • «Қызметтер» бөлімінде «Салықтар мен қаржы» бөлімін таңдау;
  • «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарт» бөлімін таңдаңыз;
  • Қажетті деректерді толтырып, сұрауды электронды түрде қол қойыңыз.

«Осыдан кейін сіздің кредиттік тарихыңызда қарыз алу құқығынан бас тартқаныңыз туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйымдар кредиттік бюролардан ақпарат сұратқанда, бұл шектеу көрініп, қарыз беру туралы шешім қабылданбайды. Егер сіздің келісіміңізсіз қарыз рәсімделсе, жеке шектеуге қарамастан, қарыз автоматты түрде жойылады», — деп хабарлады ҚНРДА.

Бұл қызметті кез келген уақытта өшіріп тастау оңай. Сонымен қатар бұл шектеу ломбардтар мен өз клиенттерінің кредиттік тарихын бағаламайтын басқа ұйымдарға қатысты емес. 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін «Стоп-кредит» қызметін 920 мыңнан астам азамат пайдаланған. 

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.