12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда онлайн несиелерге тыйым салу ұсынылды

Қазақстандықтар онлайн несиеге тыйым салу туралы петиция жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Петиция авторлары онлайн несие берудің кең таруына байланысты алаңдаушылық білдіреді. Олар мұндай несие алудың жеңіл болуы маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерге әкелетінін атап көрсетеді. Бұл дереу назар аударуды қажет етеді.

«Мұндай несиелерді алудың жеңілдігі көптеген әлеуметтік және экономикалық проблемаларға алып келеді. Даму және цифрландыру тұтастай алғанда ақпарат пен қаржылық қызметтерге қолжетімділікті жақсарта отырып, қоғамға оң әсер етеді. Алайда, қоғам ретінде бұл сын-тегеуріндерге дайын емеспіз және азаматтарды онлайн кредиттердің теріс салдарларынан қорғау үшін несие беруді реттеудің неғұрлым қатаң шараларын әзірлеп, МҚҰ мен МКҰ қызметіне бақылауды күшейтуіміз қажет», — делінген петицияның сипаттамасында.

Бұл ретте петицияны жасаған қазақстандықтар цифрландыруды дамыту үдерісі аясында онлайн несиелердің оң және теріс жақтары бар екеніне және олардың пікірінше, жағымсыз жақтары көп екеніне сенімді.

Петиция авторлары мынадай ұсыныстар енгізді:

  • Қазақстан аумағында онлайн-кредит беруге тыйым салу.
  • Қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін микрокредит беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту.

«Біз онлайн несие беруді шектеу және бақылау шаралары қылмыс, абюз және қаржылық құлдыққа байланысты тәуекелдерді айтарлықтай төмендететініне сенімдіміз. Қазақстан Республикасының Үкіметін азаматтарды қорғау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға шақырамыз», — деп қорытындылады авторлар.

Петицияның толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.