Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды. Мұндай киімдерді киюге енді ресми түрде тыйым салынады.

«Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бірқатар заңнамалық өзгеріс енгізіліп жатыр. Соның бірі – бет-әлпетін толық жабатын киімге (оның бірі ниқаб) қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеу. Бұл шешім қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отыр. Қазір әлемнің көптеген елі, соның ішінде мұсылман елдері де қауіпсіздік мақсатында осындай ұстанымды қабылдап жатыр», — деп жазылған ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ мәліметінше, Құран аяттары мен хадисте де әйелдер бет-жүзін жабуға немесе бүркемелеуге міндеттелмеген.

«Бұл халқымыздың дәстүрінде де көрініс таппаған. Ислам діні қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды. Сондықтан да заңға түсіністікпен қарап, ортақ игілік жолында бірлігімізді бекемдейік», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында көтерілген болатын.

Кейінірек ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салу туралы бастамаға пікір білдірді.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...