12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады.

Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен және оның аумақтық Департаменттерімен мемлекетік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырылады.

Ағымдағы жылдың 15 тамызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлеріне «ҚР Мемлекеттік қызмет» туралы Заңына және Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Г. Жанабаева қызметкерлер арасында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу еркін форматта, ашық сұхбат ретінде өткізілді. 

Қатысушылар арасында Әдеп нормаларын сақтау бойынша пікір-талас жүргізіліп, қызу талқыланды.

Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілердің киім кию  үлгісі, сөйлеу мәнері, қызметтен тыс уақытта әдептіліктен шықпау мәселелері туралы айтылды.

Сонымен қатар лудамания мәселесіне көніл аударылып, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан алшақ болу қажеттілігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, кездесу барасында Әдеп нормалардың сақталмауы қандай жауапкершілікке алып келетіні туралы Алматы қаласында орын алған нақты кейстер айтылып, себептері мен салдары жан-жақты талқыланды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.   

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы А. Тасов

Современные инструменты обмана 

Сегодня в социальных сетях и мессенджерах все чаще можно...

НА СЛУЖБЕ У НАРОДА

Депутаты нижней палаты Парламента РК в ходе рабочей поездки...

Не верить лживым обещаниям

В борьбе с правонарушениями определяющую роль играет профилактика преступности,...

Сенсация сезона престижных олимпиад 

СТАРТОВАЛИ САМЫЕ ПРЕСТИЖНЫЕ ПРЕДМЕТНЫЕ ОЛИМПИАДЫ ПЛАНЕТЫ СРЕДИ ШКОЛЬНИКОВ: ICHO,...

Ата Заң – әділдік пен тұрақтылық кепілі

Қазақ елінің ең маңызды заңды құжаты, мемлекеттің даму бағыттарын...