Қазақстан Республикасы күніне арналған сотталғандар арасындағы спорттық іс-шара №2 мекемеде өтті

№2 мекемеде Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу құрметіне спорттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандар арасында дене шынықтыруды дамытуға жәрдемдесу, денсаулықты нығайту және спорттық рухты қолдау болды. Жарыс бағдарламасына армрестлинг, гір көтеру, турникте тартылу сияқты спорт түрлері кірді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және спорттық шеберлікті көрсетті.

Құттықтау сөзінде мекеме басшысы сотталғандарды әлеуметтік оңалту және оларды босатылғаннан кейін қоғамға бейімделу үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...