Қазақстан полициясы күніне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен облыстық Жастар ресустық орталығында салтанатты шара өтті. Шараға департамент басшылығы, сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты.Салтанатты шара Мемлекеттік Гимнмен басталды. Мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтың құттықтау жеделхаты оқылып, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаттары мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бұйрығына сай марапаттар табысталды.
Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлы салтанатты шараға қатысып отырған жеке құрамды, барлық ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, олардың жасаған ұзақ жылғы қызметі үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ ҚАЖ департаменті ардагерлер ұйымының төрағасы Ахметов Талғат Шакиұлы да сала ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтап,жылы лебізін білдіріп,бірнеше қызметкерді алғыс хатпен марапаттады.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...