12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан халқын су тапшылығы  мәселесі күтіп тұрғаны рас па?

Қазір Қазақстан су тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр.  Сондай-ақ бұл мәселе болашақта одан әрі ушығуы мүмкін. Ғалымдардың болжамына сәйкес, 2040 жылға қарай ол қажеттіліктің 50% көлемінде су ресурстарының айтарлықтай тапшылығы сезілмек. Экономиканың барлық дерлік саласы суға тәуелді болғандықтан, оның республика өңіріндегі тапшылығына байланысты 2050 жылға қарай ЖІӨ 6 пайызға төмендеуі мүмкін.

Елдегі су тапшылығына ықпал етуші бірнеше фактор бар. Соның бірі — климаттың өзгеруі. Жаһандық жылыну мен жауын-шашын режимінің өзгеруі, әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарында су ресурстарының азаюына әкелуі мүмкін. Ауаның жылдық орташа температурасы жоғарылап жатыр. Қыста жылымық саны мен ұзақтығы артадыда, топырақтың тоңдану тереңдігі азаяды. Сондықтан еріген сулар топыраққа сіңіп, өзендерді толтырмайды. Ал көктемде ауа буланып, су қоймасына келудің орнына, атмосфераға түседі.Соның салдарынан өзен режимі өзгеруде. Қазірдің өзінде Жайық, Тобыл, Іле, Ертіс, Есіл сияқты өзендер тартылып жатыр. Мәселен, соңғы 15 жылда Оралдағы су деңгейі үш есе төмендеген. Екі жыл бұрын өзен қатты тартылған. 2019 жылдың 23 тамызында Орал қаласының бірнеше ауданында тұрғындар ауыз сусыз қалды. Қалалықтар судың 60%-н өзеннен, 40%-ын жерүсті суларынан пайдаланады.

Сондай-ақ Қазақстанның географиялық орналасу жағынанан су ресурстары шектеулі елдер қатарына жатады. Ертіс пен Сырдария сияқты елдің негізгі өзендері Қытай мен Қырғызстан сияқты көрші елдерден келетін ағынға байланысты. Су ресурстарының 40%-ы көрші мемлекеттерден келеді.

Мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Тұжырымдамада Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасында трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ ҚР мен ҚХР арасында трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою көзделген. Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі — Орталық Азиядағы су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін әзірлеу. Сондай-ақ, трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау, оның ішінде арнайы департамент құру арқылы келіссөздер топтарына қатысушылардың құзыретін күшейту көзделеді.

Сондай-ақ 2023 жылы ел Презмденті Қасым-Жомарт Тоқаев Су ресустары және ирригация министрлігін құрды. Оның басты міндеті елдің су ресурстарын басқару жүйесін жаңғыртып, жетілдіру болмақ.

Бұған дейін Қазақстан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, оның ішінде жаңа технологиялар мен цифрландырудың көмегімен су тұтыну тәсілдерін түбегейлі өзгерту жоспарларын жариялаған болатын. 120 каналды қайта құру және тоғыз жаңа су қоймасын салу жоспары бар. Бұл бастама белгілі бір дәрежеде басқа елдерден келетін суға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Алматыдағы қоғамдық кеңес мүшесі Марат Шибутовтың айтуынша, АҚШ пен Батыс Еуропада су электр станцияларын жою процесі жүріп жатыр. Бөгеттер қирайды, су қоймалары өзендердің табиғи ағынын қалпына келтіру үшін орнынаны түседі. Осы тиімдірек. Электр энергиясын басқа жолмен алуға болады. «Менің ойымша, біз оған ерте ме, кеш пе келеміз. Өйткені балық пен ет соншалықты қымбат болады, сондықтан оларды су қоймаларында өсіру гидроэлектростанцияларды пайдалануды жалғастырған сайын арзанырақ болады», — деп түйіндеді.

ЮНЕСКО жариялаған БҰҰ-ның 2024 жылғы су ресурстарының жай-күйі туралы Дүниежүзілік есебінде бүгінде 2,2 миллиард адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. 2002-2021 жылдар аралығында құрғақшылықтан 1,4 миллиардтан астам адам зардап шекті. 2022 жылғы жағдай бойынша әлем халқының жартысына жуығы жылдың кем дегенде бір бөлігінде су тапшылығын бастан өткерді, ал төрттен бір бөлігі жыл сайынғы жаңартылатын Тұщы су қорының 80% — дан астамын пайдаланып, су тапшылығының «өте жоғары» деңгейіне тап болды. Климаттың өзгеруі аталған құбылыстардың жиілігі мен ауырлығының артуына әкеп соғады, бұл әлеуметтік тұрақтылыққа өткір қауіп төндіреді деп болжанып отыр.

Современные инструменты обмана 

Сегодня в социальных сетях и мессенджерах все чаще можно...

НА СЛУЖБЕ У НАРОДА

Депутаты нижней палаты Парламента РК в ходе рабочей поездки...

Не верить лживым обещаниям

В борьбе с правонарушениями определяющую роль играет профилактика преступности,...

Сенсация сезона престижных олимпиад 

СТАРТОВАЛИ САМЫЕ ПРЕСТИЖНЫЕ ПРЕДМЕТНЫЕ ОЛИМПИАДЫ ПЛАНЕТЫ СРЕДИ ШКОЛЬНИКОВ: ICHO,...

Ата Заң – әділдік пен тұрақтылық кепілі

Қазақ елінің ең маңызды заңды құжаты, мемлекеттің даму бағыттарын...