Қазақстан 15 жылға 168 миллиард теңге қарыз алады

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның мәліметінше, несиелік келісімге Астанада 2024 жылғы тамызда қол қойылған.

«Азия даму банкінен Қазақстанға 52,3 миллиард йен сомасында (167,4 миллиард теңге — еск.) беріледі. 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 15 жыл», — деді Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін Қазақстанға қаражат қажет.

«Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын пысықтауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауыңызды сұраймын», — деді парламентарий әріптестеріне.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.