Қазақстанның географиялық жағынан орналасқан жері көлік-логистика саласында маңызды рөл атқарып, оның дамуы мен мүмкіндігіне айтарлықтай ықпал етпек.
Бұған бірнеше аспектер әсер етеді. Біріншіден, Еуропа мен Азия арасындағы транзитті дәліз. Осы арқылы Қазақстан аталған аймақтар арасында жүк тасымалының стратегиялық нүктесі болмақ. Батыс Еуропа — Батыс Қытай сияқты көлік дәліздері жүк тасымалын жылдамдатуға және оның бағасын төмендетуге көмектеседі. Екіншіден, инфрақұрылымдық даму. Транзиттік ағынды ұстап тұру және ұлғайту үшін Қазақстан жолдарды, темір жолдарды және әуежайларды қоса алғанда, көлік инфрақұрылымын дамытуға белсенді инвестиция салады. Теміржол желісін жаңарту және жаңа магистральдар салу сияқты жобалар көлік байланысын жақсартуға ықпал етеді. Қытайды Еуропамен Қазақстан арқылы байланыстыратын теміржол желісін салу және жаңғырту жүктерді жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартады.
МУА Қытай және Азия зерттеулері орталығының басшысы Светлана Кожирова: «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автобанына мультимодальдық мүмкіндіктер мен көлік-логистикалық орталықтар, соның ішінде Қытаймен шекарадағы екі теміржол өткелі кіретін «Достық-Алашанькоу» және «Алтынкөл-Қорғас», жыл сайын 40 миллион тоннаға дейін жүк өңдеуге қабілетті. Құрлықта болғанына қарамастан, Қазақстан Сары теңіз жағалауындағы Ляньюнган портындағы Қытай теңіз терминалы мен Каспий теңізіндегі Ақтау портын қайта құрудың арқасында теңізге шыға алады. Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізудің әртүрлі бағыттары сынақтан өтті және олардың Қазақстан арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдарының әлеуетті көлемі екі миллион контейнерге жетіп, бес миллиард АҚШ долларына дейін пайда әкелуі мүмкін. Төраға Си Цзиньпин 2017 жылғы мамырда өткен «белдеу және жол» бірінші форумында Қазақстан транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуда «чемпион» екенін атап өтті»,- деп мәлімдеді.
Сондай-ақ 2009-2014 жылдары Парсы шығанағына тікелей апаратын «Қазақстан-Иран-Түркіменстан» теміржолы салынды.
Автокөлік жобалары бойынша Еуропа мен Қытай арасындағы жол қатынасын жақсартатын Қазақстан арқылы өтетін тас жол салынып, ішкі логистиканы жақсартуға көмектесетін және ірі экономикалық орталықтарды байланыстыратын ел ішіндегі жолдарды жақсарту және кеңейту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Порт инфрақұрылымы бойынша Ақтау портын айта аламыз. Каспий теңізіндегі портты жаңғырту жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға және Каспий маңы мемлекеттерімен және Каспий теңізі арқылы Еуропамен логистикалық байланысты жақсартуға мүмкіндік береді. Теміржол мен автомобиль көлігі арасындағы жүктерді ауыстырып тиеудің негізгі логистикалық тораптары ретінде қызмет ететін Қорғас – Шығыс қақпасы сияқты құрғақ порттар да дамып жатыр.
Астана (Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы) мен Алматыдағы халықаралық әуежайларды жаңарту және кеңейту, бұл әуе жүктерін тасымалдау мүмкіндіктерін жақсартып, транзиттік әлеуетті арттырмақ. “Астана” халықаралық қаржы орталығының дерегінше, отандық авиация саласы COVID-19 пандемиясынан туындаған үш жылдық құлдыраудан кейін қалпына келеді. 2022 жылы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы шетелдік компаниялардың қызмет көрсететін рейстерінің саны 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жуық артты. 2023 жылы 308 мыңнан асты (транзиттік және қону).
Отандық көлік-логистикасының дамуына әсер ететін төртінші аспект — кедендік және сауда келісімдері. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүшесі. Бұл оған мүше өзге елдермен (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) сауда және жүк тасымалын жеңілдетеді. Қытай және Еуропалық Одақ сияқты ірі сауда серіктестерімен жасалған сауда келісімдері сауда ағындарын арттыруға және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға көмектеседі.
Бесіншіден, трансұлттық көлік дәліздері. Қазақстан әлемдік логистикалық тізбектерге интеграциялануға мүмкіндік беретін Еуропа-Кавказ-Азия (ТРАСЕКА) мен Солтүстік-Оңтүстік сияқты әртүрлі халықаралық көлік дәліздерінің қатысушысы. Бұл факторлар Қазақстанды жаһандық көлік-логистикалық желінің маңызды түйініне айналдырып, инфрақұрылымы мен экономикалық мүмкіндіктері өсіп келе жатқан транзиттік мемлекет ретінде дамуына ықпал етеді.
Аталған факторлар Қазақстанды әлемдік көлік-логистикалық желінің маңызды торабына айналдырады және оның инфрақұрылымы мен экономикалық мүмкіндіктері өсіп келе жатқан транзиттік мемлекет ретінде дамуына ықпал етеді.
Ральф Рейс, DB Schenker (Германия) логистика жөніндегі директоры: «Қазақстанды теміржол желісін жаңғыртуға және мультимодальды көлік тораптарын дамытуды инвестициялау Еуропа мен Азия арасындағы Тауарларды жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл теңіз жолдарымен салыстырғанда Қазақстан арқылы өтетін маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады», — дейді.
Ал отандық «Қаз Логистик» компаниясының бас директоры Мұрат Айтбаев: «Қазақстандық логистикалық компаниялар тауарлардың транзиті үшін бәсекеге қабілетті және тиімді шешімдерді ұсына отырып, халықаралық көлік тізбектеріне белсенді интеграциялануда. Біз өз қызметтерімізге шетелдік серіктестер тарапынан қызығушылықтың артқанын көріп отырмыз, бұл біздің географиялық орналасуымыздың маңыздылығын көрсетеді» деп мәлімдеді.


