12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тіліне құрмет әрбір адамның өзінен басталады

Кезінде белгілі шығыстанушы-түрколог, этнограф В.В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінен тек үш тілдің ұлылығын мойындадым. Ол – орыс, француз және қазақ тілі» дегенді бекер айтпаған. Өйткені, қазақ тілінің сөздік қорында екі жарым миллионнан аса сөздің бары ресми түрде дәлелденген.

 Ұлы даланың дана билері осынау бай сөздік қорының  арқасында тек ел ішіндегі ғана емес,  сонымен қатар, басқа елдермен қарым-қатынас барысында туындаған небір күрделі дауларды шешіп отырған. Яғни, қазақ тілінің құдыреті ел мен жердің мәртебесін көтерген. Бұған қазақ даласында түрме атаулының болмағаны дәлел. Орақ тілді, от ауызды би-шешендеріміз бір ауыз сөзбен ердің құнын кешіртіп, жаудың бетін қайтарған. Бұл, әрине, тілдің, аталы сөздің құдыреті. Сөзге тоқтау, сөзді бағалау мәдениеті халқымызда ежелден қалыптасқан. 

Осынау бай тілдің қадіріне жете алмай жатқанымыз, бүгінде ащы да болса шындық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып Конституциямен бекітілген қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, өкінішке қарай, елімізде өзектілігін жоймай отыр. Оны соттарға түсетін арыз-шағымдардың мемлекеттік тілде жазылмауынан да көруге болады.

Сау санамен сараласақ, мемлекеттік тілде сөйлеуді заңмен міндеттеу шарт емес. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам қазақ тілін күнделікті қарым-қатынас тіліне айналдырып, сөйлеуді өзінің Отан алдындағы азаматтық борышы ретінде қабылдаса болғаны. Мысалы, сотқа жүгінушілер талап арызды тек қазақ тілінде берсе, сот өндірісі өз-өзінен қазақшаланар, яғни, мемлекеттік тілге толықтай көшер еді.

Судьялар билердің жалғасы, сондықтан, олардан тараптарды татуластыру үшін шешендік өнерді игеру талап етіледі. Бұл тек судьяларға ғана емес, сонымен қатар, медиаторларға да  қатысты. Кез келген дауды сөзбен тоқтатып, екі жақтың ортақ мәмілеге келуіне ықпал ету қазылар мен медиаторлардың тікелей міндеті.

Тәуелсіздік пен тіл егіз ұғым, бабаларымыз «Тіл тағдыры – ел тағдыры» десек, мемлекеттік тіл мәртебесінің өсуіне жалпы халық атсалысуы керек. Тілді сақтау – елді сақтау түсінігі ел ертеңі балалар санасына отбасынан, балабақша, мектептен сіңірілгені абзал.  Бұл ретте ата-аналарға жүктелер жауапкершілік жоғары. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» қағидасына сүйенсек,  патриоттық көзқараста, елді, жерді, тілді, заңды құрметтеуге жастайынан тәрбиеленген бала сол тәрбиені айналасындағыларға да үлгі етері хақ.

Соттарға түсетін талап арыздардың ресми тілде жазылуы көп жағдайда адвокаттар мен заң консультанттарына байланысты екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Мұны процесс барысында тараптардың өздері де растайды. Осы себепті, мемлекеттік тілдің Конституциямен бекітілген мәртебесін одан әрі нығайтуды өзімізден бастауымыз қажет.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шындығында, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін» деген сөзі кімді де болса ойлантуы тиіс. Себебі, бірлігімізді бекемдеп, еркіндігімізді баянды етер бірден-бірден құрал  мемлекеттік тіл  — қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыру елдегі татулық пен тұрақтылықты нығайтудың төте жолы екені анық.

Әсет Боранбаев,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Медеу ауданының «Қайсар» демалыс орталығында Окинава Годзю-рю каратэ-до бойынша семинар өтті

Медеу ауданының «Қайсар» демалыс орталығында дәстүрлі жауынгерлік өнер түрі...

Кассациялық соттың маңызы зор!

Елімізде кассациялық соттардың құрылуы саладағы маңызды өзгерістердің бірі болып...

Алматы қаласында түнгі рейдтер жүруде

Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және...

Обязанности пациента: ответственность за свое здоровье

“Многие пациенты во время лечения полностью полагаются на врачей...

Пациенттің міндеттері: өз денсаулығына жауапкершілік

“Көптеген науқастар емдеу кезінде дәрігерге ғана сенім артып, өздерінің...