12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ҚАЗАҚ» ӨЗ ОҚЫРМАНЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

1994 жылы ата-бабаларымыздың құрып, аманаттап берген тәуелсіздігін қайта тіктеп, қалпына келтіріп жатқан өліара шақта бұғаудан босаған ел санасына сілкініс, жалпы қоғамға серпіліс беру мақсатында көрнекті философ Ағын Қасымжанов, тұңғыш антрополог Оразақ Смағұлов, әйгілі зерттеуші-ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек сынды бірқатар ұлт ұстындарымен бірлесіп «ҚАЗАҚ» атты тарихи-философиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеулерді топтастырып, «Білім» баспасынан 55 000 тиражбен шығарады. Ол кезде ұстазымыз Жақыпбек Алтаев аталмыш кітаптың жауапты редакторы болып еді. Бұл кітап алғашқыда ел арасында жылдам таралып, қоғамға рух берген. 

«Тарих өткен өмірді сөз еткенімен бүгінге және болашаққа қызмет етеді. Кез келген тарихи танымның өзегінде белгілі бір ұлттың, тайпаның, рудың, тіптен жеке адамның өмір тәжірибесі, мақсат-мұраты, моральдық-этикалық нормалары жатады. Түптеп келгенде тарих дегеніміздің өзі өмір танудың, қоғам танудың, адам танудың ұлы мектебі», – деп қазақтың арғы бергі тарихын кеңінен жазған дарынды этногроф Ақселеу Сейдімбектің қазақ тарихына қатысты зерттеуі  де  кітаптың алғашқы тарауынан орын алды.

Сонымен қатар қазақтың мыңжылдықтарға ұласқан тарихын нақтылы дәлелдермен зерделей білген академик, тұңғыш антрополог Оразақ Смағұловтың ата-бабамыздың тегі, антроплогиялық белгілері туралы жазған қызықты зерттеулері де жинақтың мазмұнын ашып тұр.

Ұстазымыз, көрнекті философ, профессор Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың жетекшілігімен жарыққа шыққан жинақ қазақ халқының тарихын, әдебиетін, этнографиясын жан-жақты зерттеуге арналған.

Кітапта авторлардың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі келтірілген.

Бұл кітаптың негізгі мақсаты талантты жастардың, ғалымдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың рухани өрлеуін оны жоғары деңгейге, жалпы адамзаттық, өркениеттік кеңістікке шығару. Ғалымдарға қойған талабымыз – ғылыми ар-намысты ояту, ғылыми тазалыққа, тек қана шындықты айтуға тәрбиелеу, кейбір ұлттық тар өрістілікке жол бермей, жалпы адамзаттық ар-ожданның дамуына жол ашу.

Міне арадан 30 жыл өтіп кітапты заман талабына сай толықтырып, екінші басылымын әзірледік. Бұл басылымда бірінші редакция мүшелерінің зерттеулері толығымен сақталды. Тек, жаңаша көзқараста өскен жауқазын жас буынның зерттеулерімен толықтырып отырмыз. Кітаптың атауы да сол қалпы «ҚАЗАҚ» деп аталады.

ІІ басылымға пікір жазғандар қатарында аты аңыз тарихшы, ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков, философия ғылымдарының докторы, профессор Дәулетбек Раев, философия ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Ғабитов сынды қазақтың қабырғалы ғалымдары.

Кітапты баспаға ұсынған Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, философия кафедрасының ғылыми кеңесі болатын. Жаңа технологиялық мүмкіндіктерді  кемел пайдалана отырып, тамаша дизайнмен, 1 000 данамен басып шығарған Республикалық «Дарын» баспасы болатын.

Тарихи-философиялық жинақтың ІІ басылымына енген авторлар қатарында Дархан Жазықбаев, Әсет Құранбек, Нұржан Құлымжанов, Жадыра Қазиева және бізде бармыз.

Кітаптың жауапты редакторы, әрі авторларының бірі ретінде бізде еңбек еттік.

Оқырман қауым бұл кітаптың мазмұны туралы, бағыты мен деңгейі жөнінде өз пікірлерін, сөз жоқ, айтар. Әзірге авторлар қауымы және редакция өз ойларын ортаға салғысы келеді. Бұл жерде біз, Б. Г. Гафуровтың “Тәжіктер” деген кітабындағыдай бір мәселені жан-жақты қарамаймыз, біздің мақсат қарапайымдау – мүмкіндігінше алға қойған тақырыпқа сай кейбір мәселелерді жалпылама түрде түсіндіріп беруге тырысамыз.

Дегенмен де, оқырман қауымның назарын ұлттық қайта өрлеу әрекетіндегі қазақ халқының тарихи рухани болмысын толығырақ көрсетуге аударамыз. Бұл салада М. Тынышпаевтың «Қырғыз-қазақ тарихының материалдары» атты белгілі еңбегі өзінің бай материалдарымен, дәлелдерімен көп пайдасын тигізді.

Біздің еңбегіміз тарихымызға саяси шолу жасаған ғалым М. Б. Олкоттың кітабымен ешқандай жанаспайды. Жинағымыз әртүрлі тақырыпта бірін-бірі толықтырып тұратын мақалалардан құралған. Әрбір автордың өзіндік мәнерін, стилін сақтауға тырыстық, өзгерістер енгізгеніміз жоқ.

Кітапта авторлардың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі келтірілген.

Бұл кітаптың негізгі мақсаты талантты жастардың, ғалымдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың рухани өрлеуін оны жоғары деңгейге, жалпы адамзаттық, өркениеттік кеңістікке шығару. Ғалымдарға қойған талабымыз – ғылыми ар-намысты ояту, ғылыми тазалыққа, тек қана шындықты айтуға тәрбиелеу, кейбір ұлттық тар өрістілікке жол бермей, жалпы адамзаттық ар-ожданның дамуына жол ашу.

Жинақта Ан-Арыстың (Анахарсис), әл-Фарабидың, Баласағұнның, Ясауидың, Шәкәрімнің, Алаш арыстарының өмірбаяндарына қысқаша шолу жасалып, олардың шығармаларынан үзінділер келтіріледі.

«Қазақ» кітабы алғашқыда ұлағатты ұстазымыз, қазақ философиясының көрнекті өкілі, профессор Ағын Қасымжанов пен оның шәкірті профессор Жақыпбек Алтаевтың бірлескен жобасы аясында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолға алынды.

Кітаптың ең соңғы беттерін оқырман парақтай отырып, авторлардың негізгі мақсаты неде, бұл кітап маған не берді,– деген сұрақ қоюы мүмкін.

Бұл не сабақ па, нақыл ма?      Біз қазақ фольклорының бай материалдарын пайдалану, сондай-ақ археологиялық мәдени ескерткіштерді қамқорлыққа ала отырып, оларға мұқият зерттеулер жүргізу қажет деп білеміз.

Коммунистік идеологиядан қалған бос орынды толтыру үшін оқу құралы, оқулықтар жазылуда. Бірақ бұлардың ешқайсысы қазіргі заман талабына сәйкес келмей отыр. Халықтың бай ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері естен шығып бара жатыр. Тіліміз, салт-дәстүріміз көп кедергілерге ұшырауда. Сондықтан да, нақтылы мамандардың көмегімен, бай халық мұраларын, этнографиялық материалдарды көптеп пайдалануға, оны жандандыруға тиіспіз.

Кітапта принципті түрде жауапкершілігі мол тіл мәселесі айтылмайды. Себебі, тілге арнайы көзқарас, арнайы зерттеу қажет. Ол өз алдына үлкен бір мәселе.

“Қазақ” деп аталған бұл кітап біздің тұңғыш бастамамыз, әйтеуір бір нәрседен бастауымыз керек қой, сондықтан, әрине, әр жаңа басталған бастамада қашанда кемшіліктер болмай қоймайды. Біздің негізгі мақсатымыз, ойымыз өзіндік санасезімнің оянуына импульс беру.

Адам өзі ақылға ұмтылып, оған әрекет жасамаса, ешкім ешуақытта жәрдем бере алмайды, әрі кез келген адам өзінің алдындағы, басқалардың алдындағы жауапкершілігін дұрыс ұғынуы қажет. Кітап авторларының негізгі мақсаты қазақ болмысын, қазақпын деген халық болмысын танып біліп, соны көрсету болып отыр. Бұл біздің егеменді ел болып отырғанымызға кең дүниені өзімізге қарай айқара ашуға, өзіміздің төл дүниемізді ашуға ұмтылу әрекетіміз бүгінгі күннің негізгі талабына сәйкес келіп отыр. Қазіргі дәуірді терең танып түсінуде тек қазақ халқының ғана емес жалпы адамзаттың құндылық, тұрғысынан қарау болмақ. Бүгінгі күн кешегі өткен тарихының негізінде жасалынады, осы сәтте біз жалпы адамзат болмысынан бөлектеніп, алшақтап кетуге тиіс емеспіз.

Өзіндік сана деген өте бір үлкен ұғым. Егер – сен өзің қаламасаң, өзің үшін басқалар үшін жауапкершілігімізді дұрыс түсініп, анықтай білмесең біздің ата-бабаларымыз үйреткендей ешкім де ешқашан саған көмек бере алмайды. Сен өз тағдырыңды өзің шешуге тиіссің. Бұл ұлттық, сана сезімнің жоғары дәрежеде өскеніңде ғана шешілетін мәселе. Тек қана қазақ халқының сана емес, жалпы адамзаттық тұрғыдан да қазіргі дәуірді танып білуге мұқтаждық, қажеттілік бар.

Біз бүгінгі күннің өрісімен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Кеше мен бүгінгі, бүгін мен ертеңгі тарихымыздың бірлігімен ғана біз болашағымызды барлай аламыз. Адамзат болмысының рухани тамырлары тереңде. Өз оқырманымен қайта қауышқан кітаптың екінші басылымының тұсауы ҚР Ұлттық кітапханасында зиялы қауымның қатысуымен қайта кесілді.

Ұлттық рухтың абыройын арқалаған аталмыш кітаптың жүгі расында жеңіл емес. Бүгін мен болашақтың арасына салынған алтын көпірліктердің бірі болып, оқырман оқылымында ел игілігіне қызмет етсе, идея авторларының арманы орындалғаны болмақ.

Жақыпбек АЛТАЕВ

Философия ғылымдарының докторы,

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Философия кафедрасының

профессор,

Халықаралық әл-Фараби  ғылыми-зерттеу орталығының

ғылыми жетекшісі

Қанат АЛТЫНБЕК

Жазушы, публицист,

ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері,

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Философия кафедрасының

магистранты

Алматы қаласы әдеп жөніңдегі кеңестің 2024 жылғы қызметінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаменттерінің жанында...

Сотрудники УИС провели интерактивную встречу с учащимися среднего звена школы на тему «Өзіңнен баста»

В области Абай сотрудники учреждения, смешанной безопасности, провели интерактивную...

ҚАЖ қызметкерлері мектептің орта буындағы оқушыларымен кездесу «Өзіңнен баста» атты интерактивті кездесу өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, мектеп оқушыларымен қоғамдық...

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға киімдер тікті

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға арналған концерттік бағдарламаға арнап...

Осужденные сшили костюмы для пожилых людей которые живут в доме престарелых

Осужденные сшили костюмы для концертной программы для пожилых людей,...