«ҚАУІПСІЗ ЕЛ» – ҰЛТ МҰРАТЫ

26 маусымда республика бойынша Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аталып өтіледі. 1987 жылы БҰҰ ассамблеясында бұл күн арнайы бекітілді. Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күрес мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Ол тек құқық қорғау орындарының ғана жауапкершілігіндегі міндет емес, болашағын ойлайтын әрбір ұлттың жалпыхалықтық күресі. Сондықтан да, бүгінгі таңда бұл індетпен күрестің мектеп табалдырығынан басталуы орынды.

«Сенің таңдауың – сенің өмірің»

Ақмола облыстық полиция департаменті жыл сайын жергілікті атқарушы органдармен, білім мекемелерімен бірлесіп, маусым айында Нашақорлыққа қарсы күрестің халықаралық күніне байланысты есірткіге қарсы бағытталған іс-шаралармен, салауатты өмір салтын насихаттайтын айлықтар өткізеді. Биыл да осы үрдіс бойынша өңірде 27 мамырдан 26 маусымға дейін есірткіге қарсы профилактикалық шаралар басталды. Акцияның өткізілу барысымен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Виталий Гудыменко таныстырды. Басқарма бастығының айтуынша, айлық аясында облыс аумағында 100-ден астам түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізіледі, солардың алғашқылары спорттық жарыстар еді. Ай бойы созылатын жарыстар басталды. Бұл Көкшетау қаласында Болашақ сарайында өткен жасөспірімдер арасындағы ашық қалалық футбол турнирі. Футбол алаңында 7 команда кездесті, турнирді ұйымдастырушылар «Сенің таңдауың-сенің өмірің!» ұранымен өткізді. Ақкөл қаласы да бұл игі бастамадан шет қалмады. Онда қазақша күрестен 300-ден астам қатысушыны біріктірген облыстық турнир өтті. Жарысқа Көкшетау қаласы, Бұланды, Атбасар, Шортанды және Ақкөл ауданының атынан балуандар қатысты. Полиция өкілдері мұндай оң бастамаларға аймақтың әрбір тұрғыны атсалыса алатынын атап көрсетті. Жастарды теріс әдеттерден сақтандыру, жақсылыққа, игілікке, спортқа үндеу абыройлы міндет. Осы ретте, түрлі еріктілер ұйымдары өз бастамаларымен есірткіні жарнамалайтын жазуларды жою бойынша Көкшетау көшесі және облыстың басқа да елді мекендерінде акцияларын бастады. Статистикаға жүгінсек, биыл аймақта 68 есірткі бойынша құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 21 өткізу фактісі, 7 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 2 трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару фактісі, 36 қылмыстық теріс қылық. Заңсыз айналымнан полицейлер 53 кг-нан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Ақмола облысы Полиция департаментінің қоғамдық тәртіпті қадағалау мен облыстағы заңсыздықтардың жолын кесу мақсатындағы шаралары бұнымен ғана шектелмейді. Жақында департаментте әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша да кеңес өтті. Полиция департаментінде әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының сәуір айында қабылдаған «ҚР тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заңын кең көлемде талқыға салу мәселелері айтылды. Тергеушілер мен анықтаушылардың жаңа заңнама жағдайындағы жұмысының ерекшеліктері сот, прокуратура, сот сараптамалары институты және «Құқық» қоғамдық қоры өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес тақырыбы ауқымды талқыланды. Полиция департаменті бастығының орынбасары полковник Данияр Бек кездесуге модераторлық жасады. Департаменттің тергеу бөлімшелері қызметкерлері жасаған баяндамалары барысына қатысты сауалдарын қойып, келелі мәселелердің күрделі тұстарын талқыға салды. Отырыс барысында Тергеу басқармасының бастығы полковник Талғат Жұманов басқосуға қатысушыларға қылмыстық кодекстің қандай баптары өзгергенін және осы санаттағы қылмыс туралы хабарлама түскен кезде тергеушілердің іс-қимыл алгоритмі қандай екенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Баяндамада басшы күдіктінің кінәсі туралы дәлелдер жинауды қамтамасыз ету үшін бастапқы кезеңде жүргізілуі керек міндетті тергеу процедураларының тізімдемелерін атады. Сот-медициналық және басқа да сараптамаларды тағайындау бойынша ұсыныстар, әсіресе кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты полиция қызметкерлеріне ССИ-дің Ақмола облысы бойынша жалпы сараптама бөлімінің басшысы Андрей Цыганков түсіндірді. Жиында прокуратура мен соттың өкілдері де сөз сөйлеп, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді тілге тиек етті. «Құқық» қоғамдық қорының директоры Ольга Рыльдің айтуынша, дағдарыс орталықтарында зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда орталықтар барлық заңды рәсімдер жүргізілетін қажетті тергеу кабинеттерімен жабдықталған. Бұл жәбірленушіні жаңа психологиялық күйзелістерден қорғауға мүмкіндік береді. О. Рыльдың баяндамасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, тергеушілердің, психологтардың және орталық қызметкерлерінің кәсібилік фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу мысалдары келтірілген. Ведомствоаралық кеңес соңында ұйымдастырушылар баяндамашыларға кең ауқымды, пайдалы ақпараттары үшін алғыс айтты.

Ж.ҚҰРМАНБАЙ

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...