Қасиетті Мекке мен Мәдинаны топан су басты

Сауд Арабиясында алапат су тасқыны болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash-қа сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларының көшелерін су басып қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін жолдар «көлге» айналып, көліктерді су шайып кеткен.

Сауд Арабиясының метеорологиялық департаменті Мекке, Мәдина және Жидда қалаларында қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады.

Бұған дейін Сицзанда (ҚХР Тибет автономиялық округі) жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шигацзе қаласының Динжи (Тингри) уезінде тіркелді. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 100-ге жуықтағаны белгілі болды. Дүмпу Непал мен Үндістанда да сезілді.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...